2021 жылғы ақпан есебі

        2021 жылдың ақпан айында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы барлығы  9 іс – шара (1 республикалық, 8 қалалық)  өткізді. Аталған іс – шараларға Нұр – Сұлтан қаласынан  барлығы 5498 оқушы қатысып, 2990  бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 261;

II орын – 680;

III орын – 1171.

        Ақпан айының 2-сі күні №67 гимназиясы «Астана дарыны» ДДжПС орталығымен бірлесе отырып  Ілияс Есенберлиннің 105 жылдығына орай, Нұр-Сұлтан қаласы Білім беру мекемелері оқушылары арасында «Есенберлин әлемі» қалалық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді.

        Жазушының  тарихи және әдеби мұрасымен таныстыру, оны насихаттау, оқушылардың шығармашылық зерттеу қабілеттерін арттыру, әдеби тіл байлығын кеңейту, жазушының еңбектері мен шығармаларының рухани  құндылықтарын  жас ұрпақтың бойына сіңіру  мақсатында ұйымдастырылған конференцияға Сарыарқа ауданының 10 мектебінен (№7 МГ, №35 МЛ, №40 МЛ, №41 ОМ, №52 МГ, №56 МЛ, №58 МГ, №65 МГ, №68 МГ, №80 МГ) 41 оқушы мен 32 жетекші қатысты.

        Конференцияның қорытындысы бойынша ең белсенді қатысушылар дипломдар мен  грамоталармен марапатталып, барлық қатысушыларға сертификаттар берілді:

І орын – №80 МГ, №67 Г;

ІІ орын – №7 МГ, №67 Г;

ІІІ орын – №58 МГ, №67 Г;

        2021 жылдың 8 -11 ақпан күндері Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңі өтті.

        Олимпиаданың іріктеу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының 98 мектебінен  барлығы 3540 оқушы қатысты: 8 сынып – 932 оқушы, 9  сынып – 985 оқушы, 10 сынып – 853 оқушы, 11 сынып – 770 оқушы. Олимпиада онлайн форматта өтті.

        Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар саны (8-11 сыныптар) – 1374 (38,8%), оның ішінде:

І орын – 146;

ІІ орын – 458;

ІІІ орын – 770;

Грамота – 573.

       Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүргізілген сараптама келесі пәндер бойынша білім сапасының төмендігін анықтады:   математика – 28%, химия – 35%, география – 37%, информатика – 17%, қазақ тілі мен әдебиеті – 25%, құқық негіздері – 37%, Қазақстан тарихы – 34%, орыс тілі мен әдебиеті – 15%.

      Сараптама қорытындысы бойынша мектеп директорларына:

Мектептерде аталған пәндерді жүргізу сапасын бақылауға алу;

Оқушылардың төмен білім сапасының себебін анықтау;

Аталған себептерді жою үшін жағдай жасау туралы ұсыныстар берілді.   

       Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 9-11 сыныптардан қатысқан 2608 оқушының 1053-і (40,3%) қалалық кезеңге өтті. Аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» ДДжПС орталығының І, ІІ и ІІІ дәрежелі дипломдары және грамоталарымен марапатталды.

       Академиялық адалдықты қолдау мақсатында қатысушылардың пән бойынша орындаған жұмыстары мен дұрыс жауаптары «Астана дарыны» ДДжПС орталығының сайтында жарияланды.

       2021 жылдың 18 ақпанда Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының кезекті отырысында «Астана дарыны» ДДжПС орталығының басшысы  олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу кезінде туындаған мәселелер мен орын алған олқылықтар туралы мектеп директорларына айтты.

       Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасы ІІ (аудандық) кезеңінің қорытындысы бойынша ағымдағы жылдың 18 ақпанында қала мектептерінің ҒӘЖ орынбасарлары мен ІТ мамандары қатысуымен 2 ағымда жиналыс өткізіліп, олимпиада кезіндегі жіберілген қателіктер мен кемшіліктер жан-жақты талқыланды және алдағы уақытта оларды болдырмау туралы ұсыныстар берілді.

         Сондай-ақ, олимпиада ережелерін бұзудың алдын алу және ең үздік олимпиадашыларды іріктеу үшін бақылаушылар (мектеп мұғалімдері) тартылды.

         19 ақпанда бақылаушыларға жиналыс өткізіліп, олимпиада кезіндегі тәртіп ережелері туралы нақты нұсқаулар берілді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы іс-шаралар  жоспарына сәйкес, ақпан айының 9-12 күндері аралығында 9-11 сынып оқушыларының жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсын өткізді.

Дарынды жастардың ғылымға, техникаға қызығушылығын күшейте түсу, ақыл–ой еңбектерінің беделін арттыру, Қазақстан Республикасының зерделі әлеуетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған конкурс елімізде қалыптасқан қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға байланысты қашықтықтан  – ZOOM платформасының көмегімен 4 бағыт, 20 секция бойынша онлайн режимде ұйымдастырылды:

1 бағыт. «Ғылыми –техникалық прогресс –экономикалық өсудің негізгі кілті»;

          2 бағыт. «Экономикалық және әлеуметтік жағдаяттарды математикалық үлгілеу»;

3 бағыт. «Дені сау табиғи орта – «Қазақстан – 2030» стратегиясын жүзеге асыру негізі»;

         4 бағыт. «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және болашақ дамуы бар саяхат маршруттары». 

20 секцияда:

Физика, техника, Жер және ғарыш туралы ғылым, информатика, экономика, математика, қолданбалы  математика, химия, қоршаған ортаны және адам денсаулығын  қорғау, биология, тарих, этномәдениеттану, құқық, өлкетану, әдебиет, тілтану, тілтану (ағылшынша), языкознание (ағылшынша).

Конкурс Ережеге сәйкес 3 кезең бойынша өткізілді: аудандық, облыстық – іріктеу, республикалық-қорытынды.

Республикалық-қорытынды кезеңнің «ең үздігі» атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан 576 жобамен 750 оқушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады, оның ішінде елордалық 25 білім беру мекемесінен (№3 МГ, №4 МГ, №5 Г, №8 МЛ, №9 «Зерде» мектебі, №10 МГ,  №32 МГ,  №37 МЛ, №47 МГ, №50 МЛ, №51 МГ, №54 МЛ, №85 МЛ, №56 МЛ, №59 МЛ, №64 МЛ, №65 МГ, №66 МЛ, №68 МГ, №74 МГ, №77 МГ, №82 «Дарын» лицейі, №87 МГ, БИЛм, БИЛд) 35 жобамен (43 оқушы) өтті.

Республикалық конкурстың ашылу және жабылу салтанаты бағдарламаға сәйкес онлайн режимде ZOOM платформасының көмегімен өтті.

Оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын қазақстандық жоғары оқу орындарының ғалымдары тыңдап, бағалады.

Конкурстың қорытындысы бойынша 35 жобамен 43 елордалық оқушының арасынан 29 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды. Оның ішінде: І дәрежелі дипломға – 6 жұмыспен 7 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 5 жұмыспен 7 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 12 жұмыспен 15 оқушы ие болды. Қорытынды кезеңнің барлық қатысушыларына  электронды сертификаттар берілді.

         2021 жылғы ақпан айының 18-і күні  «Астана дарыны» ДДжПС орталығы ұйымдастырған 8-11 сынып оқушылары арасындағы қалалық Жамбыл оқуларына 64 мектептен 120 қатысушы сұраныс берді.

         Байқауға қатысқан оқушылардың әлеуметтік жағдайы:

Көп балалы отбасынан – 51 оқушы

Аз қамтылған отбасынан – 7 оқушы

Толық емес отбасынан – 5 оқушы

Мүмкіндігі шектеулі – 2 оқушы

Байқау ережеге сәйкес :

1.  «Тыңда, дала, Жамбылды» – ақынның дастанын жатқа оқу;

2.  «Жүз жасаған атама жыр арнаймын» – жас дарындар (ақын, айтыскер);

3. «Жыр алыбы – Жамбыл» – ақынның еңбектері туралы эссе жазу номинациялары бойынша өткізіліп,  40 қатысушы: I орын-8, II орын – 14, 3 орын – 18 және грамоталармен марапатталып, жүлделі орындарға ие болды.  

          2021 жылдың ақпан айының 19-ы күні «Астана дарыны» ДДжПС  орталығының  жұмыс жоспарына сәйкес Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясымен бірлесе отырып 10 сынып оқушылары арасында онлайн режимде ұйымдастырылған қалалық I Абайтану олимпиадасына 36 мектептен 36 қатысушы сұраныс берді.

Олимпиаданың мақсаты: Абай әдеби мұрасын негізге ала отырып оқушыларды әлемдік тарихи оқиғалардан хабардар ету, оқушыға әлем әдебиеті мен мәдениеті кеңістігінде түсінік қалыптастыруға ықпал ету. 

          Олимпиадаға қатысқан мектептер – 36, оның ішінде:

Мектеп- гимназиялар: №№ 2,4, 10, 14, 17, 22, 26, 47, 58, 65, 68, 69, 74, 77, 78, 86, 87;

Мектеп- лицейлер: №№ 8, 27, 35, 37, 40, 53,59, 62, 64, 66, 71, 79, 85, 88;

Орта мектептер: №№ 25,42, 49, 55;

Мамандандырылған мектептер: № 82;

Көп балалы отбасынан – 12 оқушы қатысты.

Олимпиада 2 кезеңде өтті:

I (іріктеу кезеңі) – онлайн форматта. Қатысушы А.Құнанбаев поэмаларының  мазмұны бойынша 40 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын орындады.  Қорытынды кезеңге шектік ұпай және одан жоғары ұпай  жинаған оқушылар қатысты.

II (қорытынды кезең) – онлайн форматта. Қатысушыларға ұйымдастырушылар тарапынан Абай поэмалары бойынша үш тақырып ұсынылды. Қатысушы қалаған бір тақырыбына эссе жазды. Олимпиада нәтижесі негізінде төмендегі қатысушылар жүлделі орындарға ие болды:

І орын – №№ 27,77,82;

ІІ орын – №№ 4, 14, 17, 40;

ІІІ орын – №№ 10, 26, 49, 66,71,87,88;

Грамота – №№ 37,55,74,79.

   Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге «Астана дарыны» орталығының дипломдары мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.

   2021 жылдың 10-20 ақпан аралығында білім беру мекемелерінің 3-4 сынып оқушыларына  арналған «Алтын сақа» математикалық олимпиадасы қашықтықтан және онлайн форматта өтті.   

    Мектеп оқушыларының жоғары деңгейдегі олимпиадаларға дайындығын жақсарту және пән бойынша ерекше қабілетті балаларды анықтау мақсатында өткізілген олимпиада 2 кезеңнен тұрды:

I кезең –  мектепішілік;

II кезең – қалалық. 

   10 ақпан күні 3 – сынып, 12 ақпанда 4 – сынып оқушылары үшін олимпиаданың I кезеңі қашықтықтан өтті. I кезеңге қалалық білім беру мекемелерінен  5605 оқушы қатысты.  Оның ішінде: 3258 оқушы

3 сыныптардан (58,1 %), ал  2347 оқушы 4 сыныптардан (41,9 %).

    Олимпиаданың I кезеңіне 3 сыныптар бойынша: (3258) 2573 оқушы қазақ сыныптарынан (79%), 685 оқушы орыс сыныптарынан (21%);

4 сынып бойынша: (2347) 1816 оқушы қазақ сыныптарынан (77,3%), 531 оқушы орыс сыныптарынан (22,7%) қатысты.

         Олимпиаданың II кезеңіне 378 оқушы өтті:                 

3 сыныптан – 190 (50,2%) оқушы (қазақ тілінде 141, орыс тілінде 49);      4  сыныптан  – 188 (49,8%) (қазақ тілінде 136, орыс тілінде 52).

2021 жылғы ақпанның 19-20 күндері аралығында қорытынды кезеңге 378 оқушы қатысып, марапатқа ие болған оқушылар саны – 95 (25,1%).

3 сынып:

I орын – 1;

II орын – 8;

III орын – 17;

Грамота – 22.

4 сынып:

I орын – 2;

II орын – 9;

III орын – 16;

Грамота – 20.

          Қалалық  кезеңнің жүлдегерлері диплом және бағалы сыйлықтармен  марапатталды.

          Ұйымдастырушылардың рейтингісі бойынша қалалық мектептер келесі орындарға ие болды: 

І орын – №66 МЛ, №82 «Дарын»;

ІІ орын – №44 ОМ, №57 ОМ, №78 МГ;

ІІІ орын – №6 Г, №64 МЛ, №70 МЛ, №84 МЛ.

Бас жүлде – «Алтын сақа» кубогіне №85 МЛ ие болды.

       2021 жылдың 22-26 ақпан күндері Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының ІІІ (қалалық) кезеңі өтті.

       Олимпиаданың қалалық кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының 95 білім беру мекемесінен барлығы 1301 оқушы (оның ішінде:мамандандырылған мектептер: №9 «Зерде», БИЛұ, БИЛқ, №82 «Дарын» және «НұрОрда» МЛ.) қатысты: 9 сынып – 514 оқушы, 10 сынып – 404 оқушы, 11 сынып – 383 оқушы. 

        Олимпиада 22-26 ақпан аралығында күніне бірнеше пәннен онлайн форматта өтті:

22 ақпан – химия, биология;

23 ақпан – физика, география;

24 ақпан – математика, информатика;

25 ақпан – қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі;

26 ақпан – Қазақстан тарихы, құқық негіздері, өзін-өзі тану, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі.

           «Астана дарыны» ДДжПСО – ның astanadaryny.kz сайтына және Telegramm-тобына қатысушылардың жұмысы, тапсырмалардың дұрыс жауаптары және хаттамалары күн сайын   жарияланып отырды.

         Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар саны (9-11 сыныптар) – 582 (44,7%), оның ішінде:

І орын – 90;

ІІ орын – 174;

ІІІ орын – 318;

Грамота – 233.

         ҚГБ бойынша 324 жүлделі орын:

І орын – 49;

ІІ орын – 100;

ІІІ орын – 175;

Грамота – 124.

         ЖМБ бойынша 258 жүлделі орын:

І орын – 41;

ІІ орын – 74;

ІІІ орын – 143;

Грамота – 109.

          Ағымдағы жылдың 3 наурыз күні Нұр-Сұлтан қаласындағы 9-11 сынып оқушылары арасында өткен жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңінің жабылу салтанаты өтті. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі ютуб каналында орналасқан.

         Қалалық кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері Нұр-Сұлтан Білім басқармасының I, II және III дәрежелі дипломдары және медальдарымен марапатталды.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімінде «Олимпиаданың жаңа есімі – 2021», «Олимпиаданың ең жас қатысушысы – 2021», «Олимпиаданың абсолютті жеңімпазы – 2021», ҚГБ және ЖМБ пәндері бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда – 2021» арнайы номинациялары табыс етілді. 

          Қалалық кезеңнің жеңімпаздары республикалық олимпиадада елорда намысын қорғайтын Нұр-Сұлтан қаласының құрама командасына енеді. Құрама команда мүшелері үшін ең үздік олимпиадалық жаттықтырушылардың қатысуымен оқу-жаттығу жиындары өтеді.

Республикалық олимпиадасының ІІІ (қалалық) кезеңінің қорытындысы бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда – 2021»  номинациясына иеленген мектептер (ЖМБ)

Республикалық олимпиадасының ІІІ (қалалық) кезеңінің қорытындысы бойынша «Ең үздік олимпиадалық команда – 2021»  номинациясына иеленген мектептер (ҚҒБ)

2021 жылдың 26 ақпан күні «Астана дарыны» ДДжПС орталығы мен Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия бірлесіп ұйымдастырған қалалық «… Бір ғалымды көрсеңіз» атты Абай ғылыми жоба байқауын офлайн форматта өткізді. Байқауға 30 мектептен 35 оқушы қатысты.

Байқау 2  бағытта өтті:

Тілтану: Этнолингвистика; Лексикологиялық талдау;

Әдебиеттану:Салыстырмалы зерттеу; Абайтанудың өзекті мәселелері.

Ғылыми жоба байқауының «Тілтану» бағыты бойынша 7 оқушы, «Әдебиеттану» бағыты бойынша 28 оқушы қатысып: I-2 , II -4, III-8 орындарға ие болды.

      «Астана дарыны»ДДжПСО 2021 жылғы 18 қаңтар  мен 4 ақпан  аралығында елордалық педагогтердің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату мақсатында «Республикалық педагогикалық идеялар фестивалі»  конкурсының қалалық кезеңін онлайн форматта өткізді.

      Фестивальға директорлардың дарынды балалармен жұмыс жасайтын орынбасарлары, білім беру ұйымдарының педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері, психологтері, логопедтері  қатысты.

        Нұр-Сұлтан қаласы бойынша фестивальға қатысуға 34 білім беру мекемесінен 83 үміткерден сұраныс түсті.

  • Білім беру жүйесіндегі менеджмент ;
  • Шеберлік палитрасы;
  • Шығармашыл толқын;
  • Сабақ аяқталған соң…;
  • Психолог сандықшасы бағыттары бойынша өткізілген конкурстың

сараптама кезеңнен 30 білім беру мекемесінен 64 мұғалім қорытынды кезеңге өтіп, онлайн форматта жобаларын қорғап, төмендегідей жетістіктерге қол жеткізді:  І орын-5, ІІ орын-12, ІІ орын -12, грамота-5.

          Психологиялық қызмет бөлімі ақпан айында барлығы 365 адамды қамтыған 7 іс-шара өткізді.

  • «Татуласу мектебі: тең – теңімен» авторлық жобасы аясында № 72 МЛ базасында онлайн режимінде 5 сабақ, № 47 МГ базасында 6 сабақ өтті,  қорытынды сабақта 18 адамға сертификаттар тапсырылды;
  • № 72 мектеп-лицейімен ынтымақтастық туралы меморандум аясында «Жас зерттеушілер академиясы»бағдарламасы бойынша 10 вебинар өткізілді;
  • 17.02.2021ж. № 72 МЛ базасында өткен ғылым апталығына   «Социологиялық зерттеу әдіснамасы» тақырыбында   мастер-класс өткізілді;
  • 02-03. 2021ж. «Мектептегі инклюзивті білім беру форматында педагог – психологтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында психологтерге арналған курстар ( 140 педагог қамтылды);
  • Ақпанның 4,12,18 күндері ЖӘТ өткізілді. («Тұран» колледжі, Техникалық колледж, № 35, № 85 ОМ, №7, №67, №83 , ВТЭК колледжі, «Даналық» колледжі, Басқару колледжі);
  • 19.02 2021ж. № 56 МЛ базасында «Жасөспірімдер арасында суицидтің алдын алу: түрлі ұйымдардың бірлескен өзара іс-қимыл алгоритмі» дөңгелек үстелі өткізілді;
  • 24.02.2021ж. Кәмелетке толмағандар арасында аутодеструктивті аурулардың алдын алу бойынша № 67 МГ базасында профилактикалық кеңеске қатысу;
  • 25.02.2021 ж. «Жас психолог мектебі»  аясында  №63 «Әсем-ай» шағын орталығының педагог-психологі А. Баранбаева «Түсінудің сиқырлы құралдары»» тақырыбында ересек топ балаларымен ашық сабақ: тәжірибе алмасу өткізді;
  • 26.02.2021 ж. Психологиялық қызмет  бөлімінің мамандары ҚР Білім және ғылым министрлігі, Балалардың құқықтарын қорғау комитеті ұйымдастырған Қостанай облысының білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмысын зерделеу жөніндегі республикалық семинарға қатысты;
  •  Ағымдағы жылдың 1 наурыз – 5 сәуір  аралығында өтетін «Өмірге ИӘ деп айт!» республикалық акциясы аясында қалалық практикалық психология айлығының күнтізбелік-тақырыптық жоспары әзірленді;
  • 2021 жылы  4 ақпанда «Діни және жат ағымдардың идеологиясынан зардап шегетін студенттерге психологиялық көмек көрсету тәсілдері» тақырыбында онлайн-семинар ұйымдастырылып, семинарға Нұр – Сұлтандағы мектептер мен колледждердің 30 психологі қатысты.

         «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне ақпан айындаоқушылар, ата-аналар мен мектеп басшылығы тарапынанкәсіби диагностикалық тестілеуден өткізу мен психологиялық кеңес беру туралы ұсыныстар келіп түсті. Кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалауға байланысты 7 білім беру мекемесінен  74 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға  кеңес берді. Оның ішінде:

8 сынып –  1 оқушы;

9 сынып – 54 оқушы;

10 сынып – 11 оқушы;

11 сынып – 8 оқушы.

            2021 жылдың 16 -18 ақпан күндері аралығында елорданың Сарыарқа, Алматы, Байқоңыр және Есіл  аудандары  білім беру мекемелерінің 9-11 сынып оқушыларының қатысуымен «Мамандықты дұрыс таңдау-табысты өмірдің кілті» тақырыбында вебинарлар өтті. Вебинарда «Астана дарыны» орталығының мамандары «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің жұмысымен таныстырды. Вебинардың қонағы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының әртүрлі критерийлер бойынша зерттеу арқылы дайындалған білім беру бағдарламаларының рейтингісі туралы ақпарат берді.

          «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Qoldau» Қамқоршылар кеңесі қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық келісімі негізінде «Кәсіптік бағдар беру» бойынша ата-аналарға арналған онлайн-конференцияларын  ұйымдастырды.

          2021 жылдың 9-26 ақпан аралығында елорданың №№ 43,5,59,13,32,78, 48,16,24,56,50,64,67,51,72,68,30 мектептері ата-аналарының қатысуымен онлайн-конференциялар өтті. Конференцияда ата-аналарға «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының әртүрлі критерийлер бойынша зерттеу арқылы дайындалған білім беру бағадарламаларының рейтингі туралы және «Астана дарыны» орталығының өкілдері «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі жайлы ақпарат берді.