XXXIII Азия – Тынық мұхит (АТХО) және XX «Жібек жолы» (ЖЖХО) Халықаралық математикалық олимпиадалары

2021 жылғы 9-10 наурыз күндері аралығында XXXIII Азия – Тынық мұхиты (АТХО) және XX «Жібек жолы» (ЖЖХО)  Халықаралық математикалық олимпиадалары қашықтық форматта өтеді.

Олимпиада математикалық ғылымдар саласындағы дарынды оқушыларды анықтау және қолдау үшін жағдай жасау, қатысушы елдер арасындағы халықаралық білім беру және ғылыми байланыстарды дамыту мақсатында өткізіледі.

АТХО мен ЖЖХО-на бір мезгілде әлемнің қырықтан астам  Аргентина, Австралия, Ресей, АҚШ, Канада, Индонезия, Жапония, Қазақстан, Корея, Қырғызстан, Малайзия, Мексика сияқты және т. б. елі қатысады.

Ағымдағы жылы олимпиадаға математика пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған 120 оқушы қатысады, оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатынан-9, «NURORDA» мектеп-лицейінен-4, «SPECTRUM» халықаралық мектебінен-2, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінен-1, Экономикалық лицейінен-1, барлығы 17 оқушы қатысады.

   Елордалық жас дарындарға жеңіс тілейміз!