Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қалалық кезеңінің соңғы күні

Жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың қалалық кезеңі жалғасуда. Бүгін, яғни 26 ақпанда Қазақстан тарихы және құқықтану негіздері, өзін-өзі тану, ағылшын, француз, неміс тілі пәндері бойынша өтеді. Қалалық кезеңнің соңғы күнінде білімдерін сынға салар елордалық оқушыларға сәттілік тілейміз!

Олимпиаданың әр кезекті күні аяқталғаннан кейін «Астана дарыны» ДДжПС сайтында (astanadaryny.kz) және Telegramm-чатта қатысушылардың жұмыстары, пәндер бойынша дұрыс жауаптар мен хаттамалар жариялануда.

2021 жылғы 3 наурызда онлайн режимінде олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтау, Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының І, ІІ және ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапаттау өтеді.