2021 жылы ақпанның 25 күні «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» аясында тәжірибе алмасу мақсатында педагог- психологтердің қашықтан ашық сабағын ұйымдастырып, өткізді. Ашық сабақ барысында №63 «Әсем-ай» шағын орталығының педагог- психологі Баранбаева Айгуль мектепке дайындық тобындағы өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сабақтың мақсатымен байланысты әр түрлі тапсырмалар орындалды: – ауызша және ауызша емес қарым-қатынасты дамыту.- сенімді қарым-қатынасын қалыптастыру, ынтымақтаса білу- балалардың қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру;- мейірімділік, аяушылыққа тәрбиелеу;- жағымды эмоциялық көңіл-күйді қалыптастыру.Ашық сабаққа мектепке дейінгі мекемелердің 27 педагог-психологі қатысты. Сабақ барысында психолог білім алушылардың қажеттіліктерін ескеріп, сабақтың әр кезеңінде психолог барлық тәрбиеленушілерді белсенді оқытуға тарта білді.