«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» аясында мектепке дейінгі педагог-психологтері үшін тәжірибе алмасу мақсатымен семинар ұйымдастырады.
Семинардың мақсаты: мектеп жасына дейінгі мекемелердегі педагог- психологтердің жұмыс тәжірибесін зерделеу.
Ұйымдастырушы: «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы.
Мақсатты топ: мектепке дейінгі мекемелердің педагог- психологтері
Өтетін уақыты: 2021 жыл 25 ақпан, сағат 10.00 -де.
Семинар қашықтық форматында және орыс тілінде өтеді.
№63 «Әсем-ай» балабақшасының педагог-психологі Баранбаева Айгуль мектепке дайындық тобымен «Түсінудің сиқырлы құралдары» тақырыбында ашық сабақ жүргізіп, өз тәжірибесімен бөліседі.
Сабақ барысында түрлі тапсырмалар арқылы:
– ауызша және ауызша емес қарым-қатынасты дамыту.
– сенімді қарым-қатынасын қалыптастыру, ынтымақтаса білу
– балалардың қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру;
– мейірімділікті, жанашырлықты тәрбиелеу;
– жағымды эмоциялық көңіл-күйді қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.
Кері байланыста балалармен жүргізілген сабақтың мазмұны, балаларды дамытуға тиімділігі, нәтижесі талданады.