«Қамқорлық» республикалық акциясының қорытындысы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Мир и капелька любви» қоғамдық қорының «Қамқорлық» республикалық акциясына белсенді қатысты.         

Акция аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған.

«Астана дарыны» орталығының ұжымы ата-ананың мейірімінсіз қалған балалардың проблемаларына немқұрайлы қарамағаны үшін «Мир и капелька любви»  ҚҚ-ның Алғыс хатымен марапатталды.