«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы «Мир и капелька любви» қоғамдық қорының «Қамқорлық» республикалық акциясына белсенді қатысты.
Акция аз қамтылған, көп балалы және тұрмысы нашар отбасылардан шыққан балаларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған.
«Астана дарыны» орталығының ұжымы ата-ананың мейірімінсіз қалған балалардың проблемаларына немқұрайлы қарамағаны үшін «Мир и капелька любви» ҚҚ-ның Алғыс хатымен марапатталды.