«Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктиві мінез құлықтың алдын алу» тақырыбында өткен дөңгелек үстел туралы ақпарат

          «Астана  дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу   орталығының  жұмыс жоспарымен сәйкес Білім басқармасымен бірлесіп,  ағымдағы жылдың  19  ақпаны күні №56  МЛ базасында  «Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктиві мінез-құлықтың  алдын алу: әртүрлі ұйымдардың бірлескен өзара әрекеттесу алгоритмі» тақырыбында   дөңгелек үстел   өтті.

        Мақсаты: кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын  алу   бойынша   өзара іс-қимылдың бірлескен стратегиясын әзірлеу.

Дөңгелек үстелге Білім басқармасы, Қамқоршылық кеңесі, Ішкі істер департаменті,  «Қызылжар Абай орта мектебі» ҚҚ,  «Право»  ҚҚ   өкілдері  және  «Астана  дарыны» ДДжПС әдіскерлерімен  білім беру ұйымдарының  педагог- психологтері қатысты.

         Дөңгелек  үстелдің модераторы Білім басқармасы қосымша білім беру және кәмелетке толмағандарды  әлеуметтендіру  бөлімінің бас маманы  А. Ибрагимова Нұр-Сұлтан қаласындағы кәмелетке толмағандардың аутодеструктивті мінез-құлқындағы жағдай пандемияға байланысты болып отырғанын, қалыпты тәртіптің бұзылуы, белсенділіктің төмендеуі (әлеуметтік және физикалық), отбасындағы  жанжалдардың  және т.б. жағдайлардың   кәмелетке толмағандар арасында   жағымсыз әрекеттер жасаудың жоғарылауына өз әсерін тигізіп отырғанына тоқталып,  осы мәселенің алдын алу үшін өзара бірлескен  іс-әрекет шараларын ұйымдастыруды ұсынды.      

       Коршунова Т.  №2 ОМ  Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы ата-аналардың бала өміріне   селсоқтық танытып,  белсенді қатыспайтынын   айтты. Карантин  шарттарын сақтай отырып,  оқушылардың  бос уақытын  дене шынықтыру сабағы арқылы тиімді пайдалануды, аптасына бір рет   спорттық іс-шара өткізіп отыруға ұсыныс жасады.

      Северина И. №15 ОМ Қамқоршылық кеңесінің  төрайымы  мектептегі  іс- шараларға ата-аналардың  белсенді қатысуын қамтамасыз  етуді  өз міндетіне алды.        

Дощанова Н., Ювеналды полиция бөлімінің басшысы –  кәмелетке толмағандар арасында  аутодеструктивтік  мінез-құлықтың  көбею себептерін айта келіп,   мектеп инспекторларының жеткіншектермен жұмыста жас ерекшелік психологиясы  бойынша  білімін жетілдірудің қажеттілігін,  оқыту  семинарын ұйымдастыруға ұсыныс жасады.

Капанова Г., «Қызылжар Абай орта мектебі» ҚҚ өкілі –  қиын жағдайға тап  болған отбасы және  кәмелетке толмағандармен  психологиялық жұмыс  бойынша алдағы  жобаларымен, жоспарымен  бөлісті.   

 Педагог-психологтердің онлайн, офлайн форматында атқарып жүрген жұмыстарына талдау жасалды.  Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктиві мінез-құлықтың  алдын алу  іс-шаралар  жобасы және оны  жүзеге асыру алгоритимі  талқыланды.

        Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, айлық өткізуге ұсыныс жасалды:

– Мектеп инспекторларының педагогикалық психологиялық  білімін жетілдіру мақсатында   оқыту  семинарын ұйымдастыру  («Астана дарыны»  ДДжПСО);

 – Ата-аналар лекторийін жүргізу  («Астана дарыны»  ДДжПСО,  Қамқоршылық кеңесі);

  Қиындыққа тап болған кәмелетке толмағандар және олардың ата-аналарына психологиялық  отбасылық кеңес   жүргізу  («Қызылжар Абай орта мектебі» ҚҚ);

 – Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің  маңыздылығын арттыру мақсатында  түрлі бейнебаяндар,челендж  дайындау ( мектеп  психологтері);

–   Колледж студенттері  арасында  «Өмір мен сені сүйемін!» тақырыбында флешмоб өткізу.

 Дөңгелек  қорытындысы  бойынша   «Астана дарыны»  ДДжПСО Білім басқармасымен бірлесіп,   айлық іс-шаралар  бағдарламасын  әзірлеп, оны   кезең- кезеңімен  жүзеге асыруды жоспарлап отыр.