«Алтын сақа» математикалық олимпиадасы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығы «Zerdeli» зияткерлік даму мектебімен бірлесіп, 2021 жылдың 19-20 ақпанында елордалық мектептердің 3-4 сынып оқушылары арасында «Алтын сақа» математикалық олимпиадасын өткізді. Олимпиада екі күн онлайн режимінде өтті.Олимпиадаға 326 оқушы қатысты, оның ішінде:3 сынып – 165 оқушы, 4 сынып-161 оқушы.Қатысушылар логикалық есептерді жылдамдыққа шешті. Олимпиада қорытындысы бойынша 29 жеңімпаз бен жүлдегер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды:І дәрежелі Диплом және 20 000 теңгеге сертификат – 2 оқушы;ІІ дәрежелі Диплом және 10 000 теңгеге сертификат – 10 оқушы;ІІІ дәрежелі Диплом және 5 000 теңгеге сертификат – 17 оқушы. Ерекше жетістіктері үшін 20 оқушы математика пәні бойынша мақтау қағаздарымен және авторлық кітаптармен марапатталды. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар 2 күннің қорытындысы бойынша қатысушы мектептердің рейтингін жасады. Жалпы командалық есепте орындар төмендегідей бөлінді:І орын – №66 және №82 «Дарын»;ІІ орын – №44, №57 және №78;ІІІ орын – №6, №64, №70 және №84. Ең басты жүлде – дәстүрлі «Алтын сақа» кубогын №85 мл жеңіп алды.