Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелерінің 10 сынып оқушылары арасында өткізілген І Абайтану олимпиадасының қорытындысы

2021 жылдың 19 ақпан күні  «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен  «Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназия» КММ бірлесіп, қалалық І Абайтану олимпиадасын өткізді.  

            Олимпиаданың мақсаты – Абай поэмаларын жаттап, әлемдік тарихи оқиғалардан хабардар болып, әлем әдебиеті мен мәдениеті кеңістігінде түсінік қалыптастыру. Жас таланттардың шығармашылықтарын шыңдау және болашаққа бағыт-бағдарын анықтау. Абай поэмалары арқылы оқушыларды  парасаттылық пен даналыққа тәрбиелеу. 

     Онлайн форматта өткізілген олимпиадаға қалалық білім беру мекемелерінен 38 оқушы қатысты.

Әділ қазылар құрамы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессорлары мен Еуразиялық гуманитарлық институтының мамандарынан құрылды.

Олимпиадаға қатысушылар І кезеңде Абай поэмалары  мазмұны бойынша 40 сұрақтан (әр поэмадан 10 сұрақ) құралған тест тапсырмаларын орындады. ІІ кезеңге өткен қатысушыларға Абай поэмалары негізінде бес тақырып ұсынылды. Эссенің мазмұны, ойының жүйелі үйлесуі, эссе талаптарына сай жазылуы басшылыққа алынды.  Орфографиялық норманы сақтауы, тіл тазалығы,  тіл сауаттылығы жұмысты тексеру барысында қадағаланды. Әділ қазы алқалары әр қатысушының жұмысын мұқият қарап, әділ төрелік етті.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

І орын – №№  27МЛ, 77 МГ,  82 «Дарын» мамандандырылған лицейі;

ІІ орын – №№ 4МГ,  14 МГ,  17 МГ,  40 МЛ;

ІІІ орын – №№10 МГ,  26 МГ,  49 ОМ,  66 МЛ,  71МЛ,  87 МГ,  88 МЛ;

Грамота – №№ 37 МЛ,  55 ОМ, 74 МГ, 79 МЛ оқушылары жүлделі орындарға ие болды.       

Қалалық І Абайтану олимпиадасының ұйымдастырылуы мен  өтуіне қосқан үлестері  үшін Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының әкімшілігі мен ұстаздарына алғыс айтамыз.