Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңінің қорытындысы

2021 жылдың 8-11 ақпан күндері Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының ІІ (аудандық) кезеңі өтті.

Олимпиаданың іріктеу кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласының 98 мектебінен барлығы 3540 оқушы қатысты: 8 сынып – 932 оқушы, 9 сынып – 985 оқушы, 10 сынып – 853 оқушы, 11 сынып – 770 оқушы. Олимпиада онлайн форматта өтті. Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жүлделі орындар саны (8-11 сыныптар) – 1374 (38,8%), оның ішінде:

І орын – 146;

ІІ орын – 458;

ІІІ орын – 770;

Грамота – 573.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша жүргізілген анализден келесі пәндер бойынша білім сапасының төмендігі анықталды: математика – 28%, химия – 35%, география – 37%, информатика – 17%, қазақ тілі мен әдебиеті – 25%, құқық негіздері – 37%, Қазақстан тарихы – 34%, орыс тілі мен әдебиеті – 15%.

Мектеп директорларына ұсынылады: мектептерде аталған пәндерді жүргізу сапасын бақылауға алу;Оқушылардың төмен білім сапасының себебін анықтау; Аталған сепебтерді жою үшін жағдай жасау.Республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 9-11 сыныптардан қатысқан 2608 оқушының 1053–і (40,3%) қалалық кезеңге өтті.

Аудандық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері «Астана дарыны» ДДжПС орталығының І, ІІ и ІІІ дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталды. Сонымен қатар, қалалық кезеңге мамандандырылған мектептердің оқушылары қатысады: №9 «Зерде», БИЛұ, БИЛқ, №82 «Дарын» и «НурОрда» МЛ.