Сіз балабақшаға психолог болып жұмыс жасауды ұйғардыңыз. Неден бастау керек? Нені білу керек?
А). Сіздің тікелей басшыңыз – меңгеруші. Кез-келген адамның тапсырмасымен жүгіре бермеңіз, «барып кел, шауып кел» емессіз. Сіз тікелей меңгерушіге бағынасыз, сол кісінің ғана сізге бұйрық беруге құқығы бар.
Ә) Сіз меңгерушіден балабақшаның алдына қойған мақсаты мен міндеттері туралы біліп алыңыз да, өзіңіздің жұмыс жоспарыңызды соған орай құрастырыңыз.
Жас маман!
Б) Психологтің жұмысынан не күтетіні туралы меңгерушіден білгеннен соң, онымен қызметтік міндеттеріңізді мұқият анықтаңыз, (бұл өте маңызды!), өзіңіздің іс-әрекетіңіз туралы ойыңызбен бөлісіңіз, (қай жастағы балалармен жұмыс жасауды қалар едіңіз, нормативтік жұмыс уақытыңыз туралы,т.б).
В) Меңгерушімен нақты талдап анықтап алыңыз:
-кім, қашан сіздің жұмысыңызды тексеріп отырады, ағымдық есеп беру мерзімдері мен формалары туралы;
-жұмыс кестесі туралы, әдістемелік күніңіздің болуы туралы, біліміңізді жетілдіру туралы және т.б. келісіп алыңыз.
Г). Меңгеруші және әдіскер сіздің жылдық жоспарыңды талдауға қатысады, өйткені сіздің жоспарыңыз балабақшаның жылдық жоспарының бөлігі.
Меңгеруші міндетті түрде өзінің қолы мен балабақша мөрі арқылы сіздің қызметтік міндетіңізді және жылдық жоспарыңызды бекітеді.
Іс-әрекет жасауда кейбір ескеретін тұстар бар:
Егер балабақшада психологиялық қызмет орталығы болса, онда сіз дайындаған ортақ жылдық жоспар бойынша жұмыс жасай бастайсыз, ал егер сіз жалғыз психолог болып қабылдансаңыз, балабақша әкімшілігінің бекіткен жоспары бойынша жұмыс істегеніңіз дұрыс.
Сіздің ең маңызды қарайтын жұмыстарыңыз: баланың даму кезеңдері
(балабақшаға бейімделуі); балалардың психологиялық –интеллектуалдық дамуы, әр жастағы балаларда кездесетін қиындықтарды анықтау және түзету, дамыту жұмыстары, ата-аналармен жұмыс).
Іс-әрекетіңнің негізгі бағыттары:
*Диагностикалық – дәстүрлі бағыттардың бірі.
Ескерерсіз: (1-кеңес): Балабақшаға психолог болып қызмет етіп жүріп өзіне : «Не үшін жасаймын?», «Нәтижесі не болар екен?» «Қайткенде жақсы болар еді?» деген сауалды қойып отырмаған адам жақсы психолог болмайды. Диагностиканы үнемі жасау қиын, оны жоспар бойынша және керек жағдайда жасаңыз, себебі, бұл диагностика, оның мәліметтерін өңдеу, интерпретация сияқты жұмыстар өте көп уақыт алады.
Балаларды көбірек бақылаңыз, ата-аналармен, тәрбиешілермен қарым-қатынас жасаңыз, әңгімелесіңіз. Ең басты қағида және ұстаным «БҮЛДІРІП АЛМА!»,«ЗИЯН КЕЛТІРМЕ!» («Не навреди!») болсын. Яғни бақылап көрген, зерттеулерден алынған мәліметтерді талдау барысында осы қағиданы естен шығармаңыз!.
Сіздің жинақтаған мәліметтеріңіз құрамында әдіскер, логопед, дефектолог, балабақша дәрігері (егер болса) бар педагогикалық консилиумда талданады, ол мәселелерді қалай және тиімді шешуге болатын жолдары қарастырылады. Яғни СІЗ жалғыз ешбір шешім қабылдамайсыз.
Түзету (коррекция) –дамытушылық жұмыс
Кеңес беру
Ескерерсіз!(2-кеңес)
Сізге өз проблемаларымен, сұрақтарымен келуін күтіп бос отырмаңыз. Өзіңіз барыңыз. Диагностика жүргіздіңізбе, тез арада талдау жасаңыз (әрине, «Зиян келтірме» деген қағиданы ұстанып!)
Егер балаға түзету, не дамыту жаттығулары қажет болса, көмегіңізді ұсыныңыз. Егер сіздің шамаңыз келмейтіндей мәселе болса, соған шамасы келетін көмектесуге дайын маманды тауып, көмек алуды қарастырыңыз.
(3-кеңес): Сіздің кабинетіңіздің есігінде (фойеде, коридорда болады) жұмыс жасау кестеңіз (график) ілініп тұрсын, онда қай уақытта не істейтініңіз (ата-анамен, балалармен, педагогтермен) түсінікті жазылсын.
(4-кеңес): фойеде немесе коридорға «Психолог бұрышын» ұйымдастырыңыз, қызықты тақырыпта стенд жасап іліңіз, онда сіздің бір айлық жоспарыңыз, ата-аналар жиналысының кестесі (тақырыбы, уақытын тәрбиешілер қосады). Стендіге тәрбиешілердің іс- шараларды ұйымдастыруына көмектесетін небір қызықты тестілер, сауалнамалар, «Балабақша психологы», «Қызықты психология» және т. б. сияқты журналдардан мақалалар, педагогтердің эмоцианалдық жағдайын жақсартатын көңілді әзіл-шыны аралас тестілер ілген тиімді.
*Ағарту-сауаттандыру жұмыстары (ата-ана жиналыстары, педагогикалық ұжыммен жұмыс.)
Ескерерсіз!(5-кеңес):
Жоғары топ тәрбиешілері, ата-аналарымен қарым-қатынас тренингтерін, креативтік немесе «Өзін- өзі тану» тренингтерін өткізуді ұсыныңыз. Оған балаларды да қатыстырып, қызықтырыңыз.
«Психолог бұрышына» ата-аналармен, балалармен жүргізуге болатын тақырыптардың тізімін, болса сценарийлеріңіз бар екенін айтып хабарландыру іліңіз, олар сіздің бұл қызметіңізге риза болады, өйткені сіз педагогтердің уақытын үнемдеп, материал тауып беріп отырсыз.
«Психолог бұрышына» ата-аналар мен педагогтерга арналған нақты кеңестер мен жаднамаларды іліп қойыңыз. Сіз бұдан ұтылмайсыз, сол жұмыстарыңызды айлық жоспарыңызда белгілеңіз.
Құжаттар туралы
Ескерерсіз!(6-кеңес): Құжаттарға мұқият болыңыз, өйткені сіздің жұмысыңыздың бар екені соларға байланысты көрінеді.
а) Құжаттарды файлды папкада сақтаған дұрыс, онда:
*Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет туралы ;
*Қызметтік міндеттеріңіз туралы ( меңгерушінің қолы мен мөрі қойылған)
*Жылдық перспективтік жоспар (қолы мен мөрі қойылған, балабақшаның мақсатты проблемасы, психологтың мақсаты мен міндеттері, іс-әрекет түрлері мен уақыты көрсетілген болуы керек).
*Психологтың ұстаным әдебі (этикалық кодексі)
*Психологтың жүргізуге тиісті диагностикалық және түзетушілік іс-әрекетіңіздің нормативтері және уақыт өлшемі.
*Ата-аналар жиналысының тақырыптары (бір жылға).
*Ата-аналар жиналысының кестесі ( әр ай сайын толықтырылады).
* Әртүрлі бұйрықтар, инструкциялар.
*б) Журналдар.
*Аптаға, тоқсанға жоспарлар.
*Кеңестер (консультациялар) журналы. Бұл журналды таблица түрінде құруға болады.
7-кеңес: Журналдарда №1 тізіммен кеңеске кім келді (М) –мұғалім, (а-а) ата-ана,( б)-бала деп көрсетіп отырсаңыз, сізге айлық кеңес санын шығаруда уақытыңызды үнемдейді.
*Топтық жұмысты есепке алу журналы
*Зерттеу нәтижелерінің папкасы.
8-кеңес: Бөлек-бөлек файлдары бар үлкен папкаға зерттеу нәтижелерін уақытында жүйелі тіркеп сақтаған тиімді.
* Әдістемелік материалдар жинақталатын папка.
Ескеріңіз 9-кеңес:
Бұл папкада ата-анамен жұмыс, мұғалімдермен жұмыс, ертегі терапиясы, кеңестер, және т.б. бөлім-бөлім болып тігілгені жақсы. Қызықты, пайдалы материалдарды газет, журналдардан көшіріп алып тақырыптармен топтастырып тігуге болады.
10-кеңес:
Жұмысыңыз (құжаттармен) іш пыстырар, немесе қиындыққа айналмас үшін әр жұмыс күннің аяғында журналдарыңызды толтырып отырыңыз, барлық жұмыстың нәтижесін әр жұма сайын есептеп талдаңыз. Ай соңында тек барлық жоспар орындалды ма, қаншалықты орындалды, тиімділігі қандай, өткізілген жиналыс, берілген кеңес, тренинг және т.б. санын есептеу ғана қалатын болады.
8.Әдістемелер өте көп, өзіңіз таңдаңыз ( бейімделуден өткен және нәтиже беретін).
9. Қарым –қатынас құру ерекшеліктері туралы айтсақ:
а) Психолог және балабақша әкімшілігі.
«Сіз кімге бағынасың?», т.б. сауалдар мен көлденең барып кел, алып кел деген жұмыстарды үйіп-төгу сіздің қарым-қатынасыңды қиындатуы мүмкін. Не істеу керек? Өзіңіздің қызметтік міндетіңіз жайлы Ережені мұқият оқып шығып және оны пайдаланыңыз!
б) Психолог және педагогтар ұжымы.
Бұл қарым-қатынастың негізі – тең құқылы серіктестік болуы керек. Өйткені, олардың (психологтің де мұғалімнің де) «илегені бір пұшпақ» дегендей, мақсат ортақ –ол баланың жақсы жағдайда дамуы.
Мұғалімнің тәжірибесін, ақылын, жасын сыйлап, өзара сыйластыққа негізделген қарым-қатынас қана өз жемісін берері анық. Ұжымда әрқашан да психологтің жұмысына ат салысатын, көмектесетін адам табылады, соларға арқа сүйеңіз.
в) Психолог және балалар
Ашық-жарқындылығыңыз, әдемі жымиуыңыз, шынайылық, қиын жағдайаттардан оңтайлы жол тауып шыға білу- осының бәрі сіздің беделіңізді құрайды.
Өзіңді ұстау әдебіңіз, баланы зерттеуге қалай шақыратыныңыз, баламен сөйлесуіңіз, коридорда қалай жүретініңіз, балалардың қасақана жасаған «тексерулеріне» сіздің реакцияңыз, балалардың агрессиясына жауабыңыз да сізді сынайды.
Сөз соңында ескертерім, сіздің кабинетіңніңіздің есігі барлық уақытта дерлік ашық болу керек, әрине, тек кеңес беру, не зерттеу жүргізіліп жатқанда есікті жабу керек болады. Балалармен үнемі қарым-қатынаста болыңыз!. Олардан сондай жақсы энергия алуға болады, әрі оларды ойын кезінде бақылау көптеген мәлімет береді.
Мен сізге ТАБЫС тілеймін, Сізден жақсы педагог-психолог шығуына тілектеспін Жас маман!