Кәсіптік бағдар беру

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Qoldau» Қамқоршылар кеңесі қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық келісімі негізінде, елордалық мектептердің қамқоршылар кеңесінің төрағалары өз мектептерінде «Кәсіптік бағдар беру» бойынша ата-аналарға арналған онлайн-конференцияларын  ұйымдастырып, өткізуде. 

2021 жылдың 11 ақпанында елорданың №59, №13, №32, №78 мектептері  ата-аналарының қатысуымен өткен онлайн-конференцияда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының әр түрлі критерийлер бойынша зерттеуі арқылы дайындалған білім беру бағдарламаларының рейтингі туралы және «Астана дарыны» орталығының өкілдері «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметінің жұмысымен таныстырып, қызығушылық тудырған сұрақтарға жауап  берді.