Жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайын дәстүрге айналған республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытындысы

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының сапалы рейтингі

Жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайын дәстүрге айналған республикалық ғылыми жобалар байқауы өтті.

Конкурстың қорытынды кезеңі биыл алғаш рет онлайн режимінде 9-12 ақпан аралығында өткізілді. Байқаудың қорытынды кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласынан жас зерттеушілердің 35 ғылыми жобасы ұсынылды, оның ішінде 23 жұмыс республикалық қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды және жүлделі орындарды иеленді.

Байқаудың қазылар алқасы шешімімен:

6 жоба ҚР БҒМ І дәрежелі дипломымен және алтын медальмен;

5 жоба ІІ дәрежелі дипломмен және күміс медальмен;

12 жоба ІІІ дәрежелі дипломмен және қола медальмен марапатталды.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының байқау қорытындысы мен сапалы рейтингісі бойынша елордалық команда І орынға ие болды!

Нұр-Сұлтан қаласының жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

І орын – №66 МЛ, БИЛ (ұлдар), №82 «Дарын» Л., №87 МЛ; №65МГ, №10 МГ;

ІІ орын – №3 МГ, №4 МГ, №9 «Зерде», №68 МГ, №87 МГ

ІІІ орын – №5 Г, №9 «Зерде» (2), №32 МГ, №37 МЛ, №50 МЛ, №51 МГ №64 МЛ (2) , №74 МГ, №82 «Дарын» Л, БИЛ (қыздар).

Ғылыми байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және олардың мұғалімдерін құттықтаймыз!