1 және 2 ағынға сәйкес қола медаль иегерлерінің статистикасы

Естеріңізге сала кетейік, «Елбасы медалі» – жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Ол 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, таланттар мен дағдылар, кітап оқу, Ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы.

Бағдарламаға 14-29 жас аралығындағы қазақстандықтар қатысады.

Жалпы, «Елбасы медалі» бағдарламасы 2020 жылы 11 мыңнан астам қатысушыны, 600 тәлімгерді, 17 өңірлік үйлестірушілер мен сарапшыларды қамтыды.