Кәсіптік бағдар беру

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «Qoldau» Қамқоршылар кеңесі қоғамдық бірлестігі ынтымақтастық келісімі негізінде, елордалық мектептердің қамқоршылар кеңесінің төрағалары өз мектептерінде «Кәсіптік бағдар беру» бойынша ата-аналарға арналған онлайн-конференцияларын  ұйымдастырып, өткізуде. 

2021 жылдың 10 ақпанында елордалық №5 гимназия  ата-аналарының және «Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының аймақтық үйлестірушісінің қатысуымен өткен кезекті онлайн-конференцияда «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілі Қазақстан Республикасы жоғарғы оқу орындарының әр түрлі критерийлер бойынша зерттеуі арқылы дайындалған білім беру бағдарламаларының рейтингі туралы және «Астана дарыны» орталығының өкілі «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі жайлы ақпарат берді.