«Мектепте инклюзивті білім беру форматында педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша өткізілген курс

       «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық  сүйемелдеу  орталығы «Co-Make» ҚҚ бірлесіп,  білім беру мекемелерінің  педагог-психологтері үшін «Мектепте инклюзивті білім беру форматында педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша  2021  жылдың 19 қаңтары мен  ақпанның 3  аралығында  оқыту курсын ұйымдастырып, өткізді. Оқыту онлайн және қашықтықтан мемлекеттік және  орыс  тілдерінде   4 блок бойынша жүргізілді.

Курстың мақсаты: мектеп жағдайында ерекше білім  алуға қажеттілігі бар балаларды кешенді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін инклюзивті білім беру форматында жұмыс істейтін мектеп педагог-психологтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.

          19-20  қаңтар  күндері  1-2  блок   бойынша   Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің  докторанты, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті  арнайы және инклюзивті  білім беру  кафедрасының  аға оқытушысы Кударинова Асель Сейдыгалиевна   «Инклюзивті білім беруде психикалық дамуы тежелген балалармен (ПДТ) жұмыс жасауда педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбы бойынша  бірнеше өзекті  мәселелерді    (Дизонтогендер. Баланың интеллектуалды дамуының бұзылуының түрлері. Ақыл-ойдың артта қалуы: этиологиясы, патогенезі және жіктелуі. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы модельдері) тыңдаушылармен  бірлесе талқылады.  Тыңдаушылармен бірге  инклюзия жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыруға және жоспарлауға психикалық дамуында тежелуі   бар  оқушылардың  ерекше қажеттіліктерін анықтау  мен бағалау өлшемдері, сыныпты және  топты қабылдау ережелері құрылып, тәжірибелік сабақтар жүргізілді.

          21-22 қаңтар күндері 3-4 блок бойынша А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дефектология  кафедрасының доценті,   философия  докторы Рымханова Айнагуль Рымбековна «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда  педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбы бойынша:  Инклюзивті  тәжірибе субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау, жалпы білім  мектепке  баратын  психикалық дамуында тежелуі  бар бала үшін жеке білім беру бағытын әзірлеу және оны  іске асыру, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мамандардың инклюзивті дайындығы, инклюзивті дайындықтың психологиялық-педагогикалық аспектілері және т.б.  мәселелерді теориялық,  әдіснамалық және   тәжірибелік  тұрғыдан  жан- жақты түсіндірді.

      Оқу курсына күн сайын  115- 121  тыңдаушы ( балабақша, мектеп және  колледж, арнайы білім беру мекемелерінің педагог- психологтерімен қатар педагогтер, әдіскерлер)  қатысып отырды.

         Ағымдағы жылдың 19- 22 қаңтары аралығында  мемлекеттік  тілде  өткен курсқа қатысқандар:

-мектепке дейінгі білім  беру   мекемелері (балабақшалар) №№1,3,8,14,15,24,26,34,39, 43,46,48, 51,54,56,62,63,64,65,66,67,69,70,71,88,92,93,95;   

-«балабақша-бастауыш мектеп» кешені: №№12,33;

-мектеп – лицейлер: №№8,15,37,38,48,50,53,54,56,62,64,66,70,76,79,83,84, 85, 88, 90;

-мектеп – гимназия: №№3,5,10,14,30,51,63,65,68,69,78,83,86,87,89;

– орта  мектептер: №№13,16,18,19,20,23,24,25,29,30,35,44,49,57,61;

– мамандандырылған мектептер: №№9,81,82;

-колледждер- Қоғамдық тамақтандыру колледжі,  Еуразия гуманитарлық институты жанындағы  колледж;

– М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы;

– ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» ШЖҚ РМК;

– «Астана қаласы әкімдігінің»Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы»;

– «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы.  

 –   Мемлекеттік тілде  өткізілген курста  89 білім беру  мекемелерінің   138 педагог мамандары   біліктілігін  жетілдірді.

 Ағымдағы  жылдың  26- қаңтар мен  3 ақпан аралығында   курс   Орыс тілді  аудитория тыңдаушыларына  арналды. Курста   білікті мамандар  дәріс беріп, тыңдаушылармен   тәжірибелік  жұмыстар  жүргізді.

№ 4 ПМПК 1 санатты психолог, («Co-Make ҚҚ  «Росток» сөйлеуді дамыту және әлеуметтік бейімдеу орталығының жетекші маманы Андреева Евгения Александровна «Аутизм спектрінің бұзылуы бар  RAS балалармен түзету жұмыстарын ұйымдастыру  және  оларды   психологиялық- педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында  баланы психологиялық – педагогикалық қолдаудың негізгі мақсаты-барлық мамандардың күшімен баланың нақты мүмкіндіктері мен білім беру әсері арасындағы тепе-теңдікті сақтау,  сүйемелдеу жұмысының  негізгі кезеңдеріне ерекше  мән берудің маңыздылығына тоқталды.

         А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дефектология  кафедрасының доценті, PhD философия ғылымдарының докторы Рымханова Айнагуль Рымбековна жалпы білім беретін мектепке   баратын  психикалық дамуында тежелуі  бар бала үшін жеке білім беру бағытын әзірлеу және іске асыру жолдарын  тыңдаушылармен   бірге  талқылап, топтық тапсырмалар  жүргізді.  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің № 4 ПМПК КММ логопед-дефектологі», «Co-Make» ҚҚ Росток «Сөйлеуді дамыту және әлеуметтік бейімдеу орталығының» жетекші маманы  Амарова Асемгуль Ташкенбаевна түзету жұмыстарының кезеңдері, барлық компоненттерді сақтау талаптары (жалпы моторика, ұсақ моторика артикуляциялық моторика), сөйлеу бұзылыстары және инклюзивті білім беруде балалармен   жұмыс істеуде  психологтің  базалық  білімі  мен  әдістері қолдану техникасын үнемі  жетілдіріп отырудың қажеттілігін  нақтылады. 

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» КММ басшысы Искакова Клара Камиткалиевна ерекше білім алуға  қажеттілігі бар  балалардың ата -аналарына  психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру,  диагностика мәселелері, ата-аналармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу  туралы  дәріс берді.

«Астана медицина университеті» психиатрия және наркология кафедрасының ассистенті, жоғары санатты балалар психиатры Дягтярь Татьяна Ивановна аутизмнің негізгі белгілері, «жоғары функционалды» және «төмен функционалды» аутизм,  «аутизм динамикасы» ұғымдары, диагностикалық критерийлер және диагноз қою  тәртібі, жалпы білім беретін мектепте «Ресурстық сыныпта» RAS бар балаларды инклюзивті оқыту әдістемесі  жайлы  толық мағлұматтар берді. 

26-27 қаңтар мен 2-3 ақпанда орыс тілінде қткен курсқа  төмендегі білім беру мекемелерінен педагогтер қатысты.

   – мектепке дейінгі білім  беру   мекемелері: №№1,4,8,10,15,24,26,30,32,33,35,39, 46,48, 50,55,56,58,59, 63,64,66,68,69,72, 71,76,88,95; 

– мектеп – лицей: №№1,28,37,48,59,62,71,73,84,88,90;

– мектеп – гимназия: №№2,5,6,14,22,26,30,31,32,46,52,63,65,74,75,80, 83;

– орта  мектептер: №№13,19,20,23,29,36,39,41,43, 44;

– колледждер: Қоғамдық тамақтандыру колледжі, Жоғарғы колледж «Транспорт және коммуникация.

– М. Өтемісұлы атындағы оқушылар сарайы;

 -ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы.

   Екі  кезеңде  курстан өткен тыңдаушыларды  саны (мемлекеттік  тілде -138 ), (орыс   тілінде – 140)  Барлығы 278.

        Оқу әр түрлі формада, лекция, практикум,  семинар, тренинг түрінде   өтті.    Оқудың  қашықтан болуы тыңдаушылардың тәжірибелік тапсырмаларды  белсенді  және қызығушылықпен  орындауына, өзара  диалогтық  қарым-қатынас  орнатуға  кедергі  болған жоқ деп айтуымызға болады. Курс тыңдаушылары   инклюзиялық білім беру мәселесіне қатысты көптеген  сұрақтар қойып,  тиісінше жауаптар алды.   Курс  соңындағы    кері байланыста  алған білімнің мазмұндылығын, тиімділігін  және алдағы уақытта  өз білімдерін  толықтыруға деген  қажеттіліктің  туындағанын, жалпы  курстан  алған   білімді  тәжірибеде  қолдануда  жауапкершіліктің арта  түскенін айтып,  өзіндік ой-пікірлерін  білдірді.

        Курс барысында  мазмұнды дәрістер берілді,     өзекті мәселелер талқыланды, осындай  курсқа  кейбір  білім беру мекемелерінің педагог-психологтерінің   әр түрлі себептермен   қатыспай қалғаны өкіншті.  Курс соңында  тыңдаушыларға  электронды  сертификат  берілді.

      «Астана дарыны»  ДДжПСО атынан    өзекті  дәрістері  үшін  барлық  лекторларға, «Co-Make» ҚҚ мамандарына    және   курстың белсенді  қатысушылары болған  елордалық педагог-психологтерге  алғыс  айтамыз.