Исина Айжан
№26 «Үміт»
балабақшасының
педагог – психологі
Тренингтік сабақ Тақырыбы: Достық – бір байлық
Мақсаты: Балалардың зейінін тұрақтандырып, қабылдау, есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыта отырып, бір – бірімен қарым – қатынас жасаудағы кедергілерді жою, эмоциялық көңіл-күйді белсендіру; мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдісін дамыту, іс – әрекет барысында өз ойын жүйелі, дұрыс жеткізе білуге баулу, ойын арқылы ойлау қабілетін дамыту.
Көрнекілігі: Ларчиктің коврографы, Машаның суреті, хат, экран, ноутбук, проектор, тапсырмасы бар қағаздар, көкөністер мен жемістер суреті,Никитин Б.П. «Интеллектуалдық ойыны», әр балаға конверт (үй, бұлт, күн, ағаш суреттерімен), ертегі кейіпкерлерінің суреті (қасқыр, Мыстан кемпір, Қызыл телпек, Карлосон, Вини Пух, қоян, түлкі), күн шуақтары.
Өткізу уақыты: 35 минут
Психолог: – Балалар, сәлеметсіңдер ме! Бүгінгі сабағымыз ерекше өтеді. Шеңберге шақырамын.
- «Амандасайық!» жаттығуы – 3 минут
Мақсаты: балалардың өзара қарым – қатынасын жақсарту.
Психолог: – Балалар, сендер балабақшаға келгенде бір – бірімен амандасасыңдар ма? Қазір сендерге, амандасудың тағы тәсілдерін көрсетемін. Ал сендер мұқият болыңдар!
Бір рет алақан соққанда – алақандарынды қысып амандасасыңдар.
Екі рет алақанды соққанда – иықтарыңмен амадасасыңдар.
Үш рет алақан соққанда – арқаларыңмен амадасасыңдар.
Төрт рет алақан соққанда – көздеріңмен амандасыңдар.
- Рахмет, балалар. Сендерге ұнады ма?
Психолог: – Балалар, мен сендерге суреттер таратамын. Сурет бойынша екі топқа бөлінеміз. Қане, ашып қараңдар. Суреттерді атаңдар. Қандай топтарға бөлінеміз?
- Дұрыс, көкөністер мен жемістер топтарына бөлінеміз.
Психолог: – Балалар, дыбыс естідіңдер ме? Бұл кім екен? Бізге қонаққа «Маша және аю» ертегісінен Маша келіп отыр. Оны досы аю жіберіпті. Қолында хаты бар екен.
– Сендер хаттың ішінде не туралы жазылғанын білгілерің келе ме?
Психолог хатты оқиды.
Аюдың хаты
Құрметті: «Ақ толқын» тобының бүлдіршіндері!
Мен сендерді тәртіпті, әдепті және өте зерек балалар деп естіп Машаны жіберіп отырмын. Маша соңғы уақытта айтқанды тыңдамай, өте тентек болып кетті. Сол себепті сендерден Маша үлгі алсын деген ниетпен, қателіктерін түзеп, тапсырмаларды дұрыс орындауға көмектесулеріңізді сұраймын. Әр тапсырманы орындай отырып, Маша маған жол табады. Сендерге үлкен үміт артып, көмектесер деген ойдамын. Сәлеммен: Аю
Психолог: – Балалар, аю Машаны кешіру үшін оған тапсырмалар берген екен.
– Балалар, ендеше тапсырмаларға назар аударайық!
- «Есте сақта» жаттығуы – 3 минут
Мақсаты: көріп есте сақтау (қысқа мерзімдік) қабілеттерін арттыру, зейінін дамыту.
Психолог: – Балалар , Маша өте қатты ұмытшақ болып кетіпті. Оған көрген заттарын есінде сақтауға көмектесіңдерші. Экранға назар аударайық, берілген суреттерді естеріңе сақтап алыңдар. Қазір экрандағы тапсырма өшіріледі, сендер қағаз бетіндегі суреттерден, экранда берілген суреттерді тауып, сызып, қоршаңдар.
Психолог: – Қане, тексерейік. Неше сурет болды, санайық. Тамаша, аюдың келесі тапсырмасын орындап көрейік.
- «Әр суретті орнына орналастыр» – 5 минут
Мақсаты: баланың зейінін, кеңістікте бағдарлауын дамыту.
Психолог: – Балалар өз орындарындарына отырыңдар. Аю Машаға орманда адасып кетпес үшін кеңістікте бағдарлау тапсырмасын беріпті. Қане, Машаға көмек берейік.
- Әр қайсысыңа қағаз және конверттер таратамын. Конверттің ішінде үй,
бұлт, күн, ағаш суреттері бар. Менің нұсқауым бойынша әр суретті қағаз бетіне жабыстырыңдар.
- Ағашты қағаздың төменгі сол жақ бұрышына қойыңдар. Күнді қағаздың жоғары оң жақ бұрышына қойыңдар. Үйді қағаздың төменгі оң жақ бұрышына, ал бұлтты
қағаздың жоғары сол жақ бұрышына қойындар.
Психолог: – Енді экранға қарап, тексерейік. Міне, осы тапсырманы да орындауға Машаға көрсетіп үйреттік.
- «Аюдың бақшасы» жаттығуы – 5 минут
Мақсаты: ертегі арқылы балалардың өзара қарым – қатынасын жақсарту, көңіл күйін көтеру.
Психолог: – Балалар, шеңберге тұрамыз. Әр бала оң жағында тұрған балаға бұрылып, «Аюдың бақшасы» жаттығуының нұсқауларын тыңдап, алдында тұрған баланың денесіне уқалау қимылдарын жасайды.
Маша аюдың бақшасына сәбіз егуге жер дайындайды. Жерді жыртып, нәрлендіреді. Сәбіздің дәндерін егеді. Күнделікті сәбізді суарып тұрады. Арам шөптерден тазалайды. Араларын ашып отырады. Суарады. Бір күні жаңбыр қатты жауады. Сәбіздер өсе бастайды. Маша қатты қуанып, барлығын жинап алады. Келесі жылы жер демалсын деп, жерді нәрлендіреді.
Ұнады ма? Қызықты ма екен?
- Никитин Б.П. «Интеллектуалдық ойыны» – 8 минут
Мақсаты: балалардың ойлау, көру арқылы есте сақтау қасиеттерін дамыту.
Психолог: – Аюдың Машаға дайындаған келесі тапсырмасын орындайық. Ненің суретін көріп тұрсыңдар? Дұрыс, балық аюдың асы. Балықтын суретін жинап бер деген тапсырма берілген екен.
Келесі үстелге жақындап, кубиктардан экранда берілген суретті жинайық. Бұл тапсырма Машаның ойлауын дамытады.
- «Достық жайлы» суреттер бойынша әңгімелесу – 3 минут
Мақсаты: балалардың жақсы – жаманды айыру, достықтың ерекшелігін түсіну.
Психолог: – Балалар, бүгін сендер аюдың Машаға дайындаған тапсырмаларын орындауға көмек бердіңдер. Екі досты татулатуға үлестеріңді қостыңдар. Әр тапсырманы орындаған сайын, Машаның аюға барар жолы қысқара берді. Машаға достықтың маңызы жайлы, достарды қалай таңдау жайлы айтып берейік.
- Енді экранға қараңдар, сендер ертегі кейіпкерлерінен өздеріңе дос таңдаңдар.
Неліктен берілген кейіпкерді таңдадындар? Ал кімді достыққа шақырмайсыңдар? Неге? Сонда достық деген не? Достар қандай болу керек? Тамаша, рахмет.
- Рефлексия
«Күн шуақтары» жаттығуы – 3 минутПсихолог: – Балалар, әр қайсысына күн шуақтарын таратып беремін. Қазір ойланып көріңдер, бүгінгі сабақ қалай өтті? Сендерге не ұнады? Достарыңа не тілейсіңдер? Деген сұрақтарға жауап беріп, күннің шуағын тақтада күнге жабыстырасыңдар