Орталықтар басшыларының жұмыс кездесуі

2021 жылдың 28 қаңтарында тәжірибе алмасу мақсатында  Маңғыстау облысының «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры Куатова Несебели Кыдыргалиевна «Астана Дарыны» орталығына арнайы келді.
 Іскерлік ынтымақтастық аясындағы мұндай кездесулер дәстүрге айналуда және тәжірибе алмасу облыс орталықтарының жұмысын жақсартуға септігін тигізпек. Кездесуде «Астана Дарыны» ДДжПС директоры орталық жоспарларымен таныстыра отырып, құжаттандыру тәжірибесімен бөлісті. Маңғыстау облысы бойынша «Дарын» өңірлік орталық директоры «Қабілет» кәсіптік бағдарлау қызметінің жұмысына қызығушылық танытты.
 Насибели Кадыргалиевна Ғаждкембек Қуанышұлына  қонақжайлығы үшін алғысын білдіріп, елордалық орталық тәжірибесі өзекті екенін, Маңғыстау облысының орталығы жұмысына пайдалы болатынын атап өтті.
 Екі ұжым басшылығы естелік фотосуретке түсіп, алдағы уақытқа жемісті ынтымақтастық тіледі.