(Жас психолог мектебі)
«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» аясында тәжірибе алмасу семинарын ұйымдастырады.
Семинардың мақсаты: мектеп жасына дейінігі балалардың эмоционалдық жағдайын қалыптастыру бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасу.
Мақсатты топ: мектепке дейінгі мекемелердің педагог- психологтері
Өтетін уақыты: 2021 жыл 28 қаңтар, сағат 10.00 -де.
Семинар қашықтық форматында және орыс тілінде өтеді.
№3 «Күншуақ» балабақшасының педагог- психологі Балабекова Сәуле ересектер тобы балаларымен «Біздің эмоциялар» тақырыбында ашық сабақ жүргізіп, өз тәжірибесімен бөліседі.
Сабақ барысында түрлі тапсырмалар арқылы:
-эмоцияларды тану, көрсету, өз сезімдері мен басқалардың сезімдерін түсіну қабілетін нығайту;
– балалардың қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру;
– мейірімділікті, жанашырлықты тәрбиелеу;
– жағымды эмоциялық көңіл-күйді қалыптастыру жұмыстары жүргізіледі.
Курс тыңдаушыларымен балалармен жүргізілген сабақтың мазмұны, балаларды дамытуға тиімділігі, нәтижесі талданады.