Қазақстан Республикасы білім беру ұйымдарының математика пәні мұғалімдеріне арналған республикалық «Математикалық регата» олимпиадасының Ережесі
- Жалпы ереже
1. Республикамыздың барлық білім беру ұйымдарының типтері және түрлерінің педагогтеріне арналған «Математикалық регата» олимпиадасын (бұдан әрі – Олимпиада) өткізу туралы Ережесі Олимпиаданы ұйымдастыру, өткізу және қатысу тәртібін, оның ұйымдастырушылық-әдістемелік қолдауын және Олимпиаданың жеңімпаздарын анықтау тәртібін реттейді.
- Олимпиаданың мақсаты мен міндеттері
2. Мақсаты: педагогтің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуде ұмтылысын арттыру.
3. Міндеттері:
– мұғалімдердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру;
– мұғалімнің қоғамдағы имиджін қалыптастыру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
– мұғалім мамандығының мәртебесін өсіру.
- Олимпиаданың қатысушылары
4. Олимпиадаға республикамыздың білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің математика пәні мұғалімдері қатыса алады.
5. Республикамыздың әр облысы және республикалық білім беру ұйымдары, «Назарбаев зияткерлік метептері» ДББҰ Олимпиадаға құрамы 4 (төрт) адамнан тұратын команда ұсына алады.
- Олимпиаданы өткізу мерзімі
6. Олимпиада жыл сайын наурыз айында өткізіледі (көктемгі демалыс кезінде).
7. Сұраныстарды қабылдау 1-28 ақпан аралығында.
- Олимпиаданы өткізу тәртібі
8.Олимпиада төрт кезеңнен өтеді. Әр кезең – үш тапсырманың ұжымдық шешімінен тұрады. Бірінші тапсырма – математикалық анализ негіздерінен немесе алгебрадан тұрады, екінші тапсырма – геометрия, үшінші тапсырма – логикалық, комбинаторлық немесе «сандық».
9. Әрбір кезең барлық тапсырмалардың ұжымдық жазбаша шешімінен тұрады.
10. Олимпиадаға 70 астрономиялық минут ұсынылады:
10 минут І кезең тапсырмаларын шешуге;
15 минут ІІ кезең тапсырмаларын шешуге;
20 минут ІІІ тапсырмаларын шешуге;
25 минут ІV тапсырмаларын шешуге.
11. Әр кезеңнің нәтижелері Олимпиада хаттамасымен толтырылады және электрондық таблода көрсетіледі.
12. Олимпиада барысында калькулятор, ұялы телефондарымен басқа да байланыс түрлерімен пайдалануға тыйым салынады.
- Олимпиада жүлдегерлері мен жеңімпаздарын анықтау тәртібі
13. Әр команданың алатын максималды ұпайы 90 (тоқсан) ұпайға тең.
14. І кезеңнің барлық шешілген тапсырмаларына команда 18 ұпай ала алады (яғни, әрбір дұрыс шешілген тапсырмаға алты ұпайдан); ІІ кезеңнің барлық шешілген тапсырмаларына команда 21 ұпай ала алады (яғни, әрбір дұрыс шешілген тапсырмаға жеті ұпайдан); ІІІ кезеңнің барлық шешілген тапсырмаларына команда 24 ұпай ала алады (яғни, әрбір дұрыс шешілген тапсырмаға сегіз ұпайдан); ІV кезеңнің барлық шешілген тапсырмаларына команда 27 ұпай ала алады (яғни, әрбір дұрыс шешілген тапсырмаға тоғыз ұпайдан).
15. Олимпиада нәтижелерімен келіспеген жағдайда, командалар аппеляцияға тапсыруға құқылы.
16. Командалардан аппеляцияға өтініш алған жағдайда, сараптау комиссиясы тапсырмаларды қайта тексеруді жүзеге асыра алады.
17. Апелляция нәтижесінде тапсырмалар көтеріліп немесе төмендетіледі, өзгеріссіз қалдырылуы мүмкін. Қарама-қайшы жағдайда тексерудің қорытындысы бойынша соңғы шешімді сараптама комиссиясының төрағасы қабылдайды.
18. Олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлері І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталады.
19. Барлық қатысушыларға Олимпиадаға қатысқандығы туралы сертификаттар беріледі.
- Олимпиаданың ұйымдастыру комитеті мен сараптау комиссиясы
20. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізуді республикалық ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады (бұдан әрі-Ұйымдастыру комитеті).
21. Ұйымдастыру комитеті келесі Функцияларды атқарады:
– Олимпиада қатысушыларының тәртібін бақылайды;
– Олимпиада тапсырмаларының сараптау критерийлерін әзірлейді;
– Олимпиада қатысушыларына тапсырмалар әзірлейді;
– Олимпиаданың қатысушыларының құрамын анықтайды және Олимпиада нәтижелерін техникалық өңдеуді жүзеге асырады;
– қорытындысын шығарып, марапаттау рәсімін ұйымдастыруға қатысады;
– Олимпиаданы өткізу күні мен орнын, тәртібін анықтайды.
22. Олимпиаданың қорытындысын шығару үшін сараптау комиссиясы құрылады. Сараптау комиссиясының құрамын Ұйымдастыру комитеті анықтайды.
23. Сараптау комиссиясының құрамына республикамыздың алдыңғы қатарлы жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, түрлі деңгейдегі кәсіби шығармашылық конкурстарының жеңімпаздары ене алады.