Инклюзивті білім беру курсы туралы

«Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық  сүйемелдеу  орталығы «Co-Make» ҚҚ бірлесіп, педагог-психологтер үшін «Мектепте инклюзивті білім беру форматында педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылдың 19-24 қаңтар аралығында оқыту курсын ұйымдастырып, өткізді.

Курстың мақсаты: мектеп жағдайында ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларды кешенді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу үшін инклюзивті білім беру форматында жұмыс істейтін мектеп педагог-психологтерінің кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Оқыту онлайн және қашықтықтан мемлекеттік тілде 4 блок бойынша жүргізілді.
19-20 қаңтар күндері 1-2 блок бойынша Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің докторанты, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы Кударинова Асель Сейдыгалиевна «Инклюзивті білім беруде психикалық дамуы тежелген балалармен (ПДТ) жұмыс жасауда педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбы бойынша бірнеше өзекті мәселелерді (Дизонтогендер.

Баланың интеллектуалды дамуының бұзылуының түрлері. Ақыл-ойдың артта қалуы: этиологиясы, патогенезі және жіктелуі. Психикалық дамуы тежелген балаларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы модельдері) тыңдаушылармен бірлесе талқылады. Инклюзия жағдайында оқу үдерісін ұйымдастыруға және жоспарлауға психикалық дамуында тежелуі бар оқушылардың ерекше қажеттіліктерін анықтау және бағалау. Сыныпты және топты қабылдау үшін ұсыныстар беріліп, тәжірибелік сабақтар жүргізілді.


3-4 блок бойынша А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің дефектология кафедрасының доценті, арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасының аға оқытушысы, философия докторы (PhD) Рымханова Айнагуль Рымбековна «Ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс жасауда педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру» тақырыбы бойынша: Инклюзивті тәжірибе субъектілерін психологиялық-педагогикалық қолдау, жалпы білім мектепке баратын психикалық дамуында тежелуі бар бала үшін жеке білім беру бағытын әзірлеу және оны іске асыру, инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мамандардың инклюзивті дайындығы, инклюзивті дайындықтың психологиялық-педагогикалық аспектілері және т.б. мәселелерді теориялық, әдіснамалық және практикалық тұрғыдан түсіндірді.


Оқу курсына күн сайын 111 тыңдаушы ( балабақша, мектеп және колледж, арнайы білім беру мекемелерінің педагог-психологтері мен қатар педагогтер, әдіскерлер) қатысып отырды. Оқу әр түрлі формада, лекция, практикум, семинар, тренинг түрінде өтті. Оқудың қашықтан болуы тыңдаушылардың тәжірибелік тапсырмаларды белсенді және қызығушылықпен орындауына, өзара диалогтық қарым-қатынас орнатуға кедергі болған жоқ деп айтуымызға болады. Сабақ соңында кері байланыста алған білімнің мазмұндылығын, тиімділігін және алдағы уақытта өз білімдерін толықтыруға деген қажеттіліктің туындағаны туралы ой-пікірлерін білдірді. Курс соңында тыңдаушыларға электронды сертификат берілді.

«Астана дарыны» ДДжПСО атынан өзекті дәрістері үшін оқытушылар Асель Кударинова, Айнагуль Рымхановаға, «Co-Make» ҚҚ мамандарына және курстың белсенді қатысушылары болған елордалық педагог- психологтерге алғыс айтамыз.