Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы 2021 жылғы қаңтар айының 18-29 аралығында республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының қалалық кезеңін өткізуде.
Республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының негізгі мақсаты: Елордалық педагогтардың шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Фестивальға директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, музыка мектептері, қосымша білім беру мекемелерінің педагогтері мен психологттері, логопедтер қатысуда.
Фестивальдің қалалық кезеңі ІІ этаптан тұрады:
І этап – экспертиза (жұмыстарды сараптамадан өткізу);
ІІ этап – онлайн форматта жұмысты қорғау.
Фестивальға 34 білім беру мекемесінен бес бағытта ( «Білім беру жүйесіндегі менеджмент», «Шеберлік палитрасы», «Шығармашыл толқын», «Сабақ аяқталған соң…» , «Психолог сандықшасы») 83 үміткерден сұраныс түсті.
Қатысушыларға сәттілік тілейміз!