Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы қалалық кезеңі

2021 жылғы 22-25 қаңтар аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы қалалық кезеңінің іріктеу кезеңі өтуде.

Бүгін, яғни 22 қаңтар күні математика пәнінен –  256, физикадан  -186 оқушы қатысты.

Жас өрендер әр пәннен 20 сұраққа онлайн режимде жауап берді.

Дүйсенбі күні, 25 қаңтарда – биология, химия, география және информатика пәндерінен іріктеу өтеді.

Олимпиада қорытындысы барлық кезеңдер өткізілгеннен кейін жарияланады. Барлық қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!