2021 жылғы 22-25 қаңтар аралығында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша республикалық жасөспірімдер олимпиадасы қалалық кезеңінің іріктеу кезеңі өтуде.
Бүгін, яғни 22 қаңтар күні математика пәнінен – 256, физикадан -186 оқушы қатысты.
Жас өрендер әр пәннен 20 сұраққа онлайн режимде жауап берді.
Дүйсенбі күні, 25 қаңтарда – биология, химия, география және информатика пәндерінен іріктеу өтеді.
Олимпиада қорытындысы барлық кезеңдер өткізілгеннен кейін жарияланады. Барлық қатысушыларымызға сәттілік тілейміз!