EL MAQTANYSHY – Сакимов Ілияс

NURORDA МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ БИОЛОГИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ (НҰР-СҰЛТАН Қ.)

2009 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бітірді. Еңбек жолын Қостанай қаласындағы «Білім-Инновация» лицейінде биология пәнінің мұғалімі болып бастады.

2013 және 2015 жылдар аралығында Қызылорда қаласындағы БИЛ-де биология пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеді. 2015 жылдан бастап, Нұр-Сұлтан қаласындағы NURORDA мектеп-лицейінде сабақ береді.

Педагогикалық қызметінде оқытудың жаңашыл әдістерін, атап айтқанда: Project Based Learning, Content and Language Intergrated Learning, Fliped classroom және басқаларын пайдаланады. Бірнеше мәрте PBL мен CLIL-ге арналған семинарларда мұғалімдердің жаттықтырушысы болды.

Жаңартылған бағдарлама бойынша қостілді биология оқулықтарының авторларының бірі болып табылады.

Еңбек еткен 10 жыл ішінде биологиядан олимпиадаға: 33 республикалық олимпиада жүлдегерін (9 алтын, 14 күміс, 10 қола медаль) және үш IBO халықаралық олимпиада жүлдегерін дайындады (Орақов Асқарбек – күміс (2014), Қуантай Аманжол – күміс  (2018) және қола (2019).