НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ДАРЫНДЫ ЕР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ЛИЦЕЙ-ИНТЕРНАТЫНЫҢ МАТЕМАТИКА ПӘНІ МҰҒАЛІМІ. «ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМІ-2019» ҰЛТТЫҚ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, ДАМУ ҚОРЫ БЕКІТКЕН АҚШАЛАЙ СЫЙЛЫҚТЫҢ ЖӘНЕ «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖАҺАНДЫҚ СЫЙЛЫҚТЫҢ АМБАССАДОРЫ» АТАҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА ЖЕҢІМПАЗДАРЫН ДАЙЫНДАҒАНЫ ҮШІН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПЕРЗИДЕНТІ ҚОРЫ БЕКІТКЕН «EL MAQTANYSHY» АТАҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ АТАНДЫ. ЕСІМІ ГИННЕСТІҢ РЕКОРДТАР КІТАБЫНА ЕНГЕН ПЕДАГОГ. БҮКІЛ ӘЛЕМ БОЙЫНША БІР ДЕ БІР ӘРІПТЕСІ МУАММЕРДІҢ РЕКОРДЫН ӘЗІРГЕ ЖАҢАРТА АЛМАЙ КЕЛЕДІ
Муаммер Гульдің жетістіктері:
- Ы.Алтынсарин медалі – 2005 жыл;
- Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хаты – 2012 ж.;
- «Үздік педагог-2019» қалалық байқауының Гран-При иегері;
- Қазақстанның «Үздік педагог-2019» республикалық байқауының жеңімпазы;
- Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2019 ж.;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамоталары;
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хаттары;
- Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің «Олимп шыңына жетелеуші» марапаты;
- Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің алғыс хаттары;
- Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының құрмет грамоталары және алғыс хаттары;
- Халықаралық олимпиадалардың ұйымдастыру комитеттерінің алғыс хаттары.
Оқушыларының халықаралық олимпиадалардағы жетістіктері:
- Алтын медаль – 754 медаль;
- Күміс медаль – 571 медаль;
- Қола медаль – 1088 медаль.
БАРЛЫҒЫ: 2413 медаль.