Премия туралы

2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қорымен алғаш рет EL MAQTANYSHY премиясы тағайындалды.

Премия мектеп оқушыларына пәндік олимпиадаларындағы жетістіктері үшін тағайындалады.

EL MAQTANYSHY СЫЙЛЫҒЫ КІМГЕ БЕРІЛЕДІ?

1.Ең беделді халықаралық олимпиада жүлдегерлеріне:

  • математика (IMO)
  • физика (IPH)
  • информатика (IOI)
  • химия (IChO)
  • биология (IBO)
  • география (IGeO)
  • лингвистика (IOL)

2. Жүлдегерлердің жеке жаттықтырушыларына
3. Ұлттық құрама жаттықтырушыларына

Жеке жаттықтырушы жүлдегердің пән мұғалімі, сондай ақ жүлдегердің мектептен тыс жаттықтырушысы болуы мүмкін.

Алтын медалистер үшін жүлде қоры – 2 млн. теңге, күміс жүлдегерлерге – 1 млн. теңге, ал үшінші орын – 500 мың теңге.

Сыйлық лауреаттардың әрбір санатына – жүлдегердің өзіне, оның жетістікке жетуіне барынша үлес қосқан жеке жаттықтырушысына және ұлттық құрама команданың жаттықтырушысына беріледі.

ЛАУРЕАТТАР ҚАЛАЙ АНЫҚТАЛАДЫ?

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан құрама командаларының құрамында өткен оқу жылында математика (IMO), информатика (IOI), физика (IPhO), химия (IChO), биология (IBO), география (IGeO) және лингвистика (IOL) бойынша халықаралық олимпиадаларда жүлде алған оқушылардың тізімін ұсынады.

«Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры халықаралық олимпиадалардың жүлдегерлеріне оқушының жетістікке жетуіне үлес қосқан жеке және ұлттық жаттықтырушылар туралы сауалнама жүргізеді.

2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев қорымен алғаш рет EL MAQTANYSHY премиясы тағайындалды 