«Жас психолог мектебі» оқыту семинары

  «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық  сүйемелдеу  орталығының психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» аясында 2021 жылдың 21 қаңтарында ZOOM платформасында «Ғылыми мақала жазу әдістемесі»  тақырыбында  тәжірибелік онлайн семинар өткізеді.

         Семинардың мақсаты: жас психологтердің зерттеу мәдениетін дамыту, оларды мамандық бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындау.

        Ұйымдастырушы: «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық  сүйемелдеу  орталығы.

        Мақсатты топ: елордалық білім беру ұйымыдарының жас психологтері.

         Өтетін уақыты: 2021 жыл 21 қаңтар, сағат 11.00 -де. 

Семинар  қашықтық форматында және орыс тілінде өтеді.

         Спикер: «Астана дарыны» ЦРОиПС ғылыми кеңесшісі, п.ғ.д., с. ғ. д., профессор Тесленко Александр Николаевич.

           Семинар  барысында ғылыми мақалалардың құрылымы мен мазмұны қарастырылып, жаңа бастаған зерттеушілерге сапалы ғылыми мақалалар жазу бойынша сындарлы және пайдалы кеңестер беріледі.