1. Жалпы ережелер
1. Бұл Ереже Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының құрылымындағы психологиялық қызмет бөлімінің «Жас психолог мектебінің» қызметін реттейді.
2. Жас педагог-психологтерді (өтілі 3 жылға дейін) кәсіби бейімдеу және өзін-өзі жетілдіру мақсатында білім беруде психологиялық сүйемелдеуді ұйымдастырудың озық тәжірибесін жинақтауға әдістемелік көмек көрсету.
3. Психологиялық қызмет бөлімінің «Жас психолог мектебі» қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясы, БҰҰ «Бала құқықтары туралы Конвенция», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы және «Астана қаласының орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 24.04. № 107-595 бекітілген Қаулысына және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
2. «Жас психолог мектебінің» мақсаттары мен міндеттері
1. «Жас психолог мектебінің» мақсаты: елордалық білім беру мекемелеріндегі жас педагог-психологтердің кәсіби қалыптасуы, олардың қызметтік міндеттерін өз бетінше және сапалы орындау қабілеттерін дамытуға әдістемелік көмек көрсету.
2. «Жас психолог мектебі» міндеттері:
1) білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселелері бойынша нормативтік-әдістемелік және оқу-әдістемелік құжаттаманы зерделеу;
2) педагог-психологтердің кәсіби бейімделуін және шығармашылық жетілуін қамтамасыз ету;
3) білім берудегі тәжірибелік психологияның негізгі бағыттары бойынша педагог-психолог жұмысының жаңа мазмұнын, технологиялары мен әдістерін меңгеруге ықпал ету;
4) білім беру жүйесінде психологиялық қызметті ұйымдастырудың озық тәжірибесін қорыту және оны білім беру процесіне енгізу;
5) жас мамандардың өздігінен кәсіби білім алуы, біліктілікті арттыру курстарында оқыту нәтижелері туралы есептер жүргізу;
6) жас маманның жұмысында зияткерлік дарынды балаларға, «тәуекел тобындағы» жасөспірімдерге, ата-аналар мен педагогтерге психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуге қолдау көрсету;
7) отбасылық тәрбие мен бала-ата-ана қатынастарының өзекті проблемалары бойынша психологиялық ағартуды жүзеге асыруға әдістемелік көмек;
8) жас педагог-психологтермен әртүрлі инновациялық жобалық қызметті әзірлеу және жүзеге асыру;
9) әдістемелік жұмысты жетілдіру және тұтас педагогикалық үрдіс субъектілерінің психологиялық-педагогикалық білімін арттыру.
3. «Жас психолог мектебі» қызметінің негізгі бағыттары:
– педагог-психологтердің кәсіби бейімделуі мен шығармашылық жетілуін кешенді оқу-әдістемелік қамтамасыз ету;
– педагог-психологтің диагностикалық, түзету-кеңес беру және ағарту жұмыстарын ұйымдастыруда әдістемелік көмек;
– білім беру үрдісін психологиялық сүйемелдеудің белсенді және интерактивті әдістерін қолдануды қамтамасыз ету;
– жас маманның әдістемелік материалдарын жинақтау және жетілдіру;
білім беру ұйымдарында психологиялық қызмет жұмысының инновациялық әдістерін зерттеу, зерделеу және білім беру үрдісне енгізу.
4. Психологиялық қызмет бөлімі «Жас психолог мектебі» жұмысын кезең-кезеңмен жүзеге асырады: бейімдеу, негізгі, бақылау-бағалау (1-қосымша).
4. Жұмыстың негізгі түрлері мен тәртібі
5. «Жас психолог мектебі» отырыстарының тақырыбы жас педагог-психологтердің әдістемелік проблемаларымен, сондай-ақ оқу жылына арналған жұмыс жоспарымен анықталатын оның мақсаты мен міндеттерін іске асыру үшін өзекті оқу-әдістемелік тақырыпқа (проблемаға) сәйкес әзірленеді.
6. «Жас психолог мектебі» сабақтары кәсіби құзыреттілікті дамытуға және жас маман тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс.
7. Әдіскер және жауапты оқытушы өткізілетін сабақтың мақсаты мен міндеттерін алдын-ала талқылайды, үлестірмелі және басқа да материалдарды дайындайды, отырыстың өтетін орнын анықтайды.
8. «Жас психолог мектебі» жұмысының негізгі формалары:
– білім берудегі психологиялық қызметті ұйымдастырудың әр түрлі мәселелері бойынша теориялық семинарлар, семинар-тренингтер және семинар-практикумдар, педагог-психологтердің шығармашылық есептері;
– білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау әдістемесі мәселелері бойынша «Жас психолог мектебінің» отырысы;
– педагогикалық психология, даму психологиясы және кәсіби әдеп мәселелері бойынша дәрістер, баяндамалар, хабарламалар мен пікірталастар.
9. «Жас психологтың мектебі» оқыту курсынан өткен жас маман білуі керек:
1)білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті ұйымдастырудың нормативтік-құқықтық негіздерін (Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы», Заңы, «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Заңдары және білім беру мәселелері бойынша басқа да нормативтік-құқықтық актілерді);
2) педагогика, психология, жас физиологиясы, мектеп гигиенасы теориясы, оқу жоспарлары мен бағдарламаларын;
3) білім берудегі психологиялық сүйемелдеуді дамытудың негізгі бағыттары мен үрдістері, психологиялық-педагогикалық ғылымның жетістіктерін;
4) еңбек туралы заңнама негіздерін.
10. «Жас психологтың мектебін» бітіргеннен кейін жас маман жасай алуы тиіс:
1) белсенді оқыту және қарым-қатынас жасау әлеуметтік психо-тренингі әдістерін, жеке және топтық консультация берудің, білім алушының қалыпты және қалыптан тыс дамуын диагностикалау мен түзетудің заманауи әдістерін қолдануды;
2) педагогтерге, ата-аналар мен балаларға психологиялық кеңес беру, психодиагностика және психокоррекция әдістерін қолдана алуды ;
3) оқушылардың зияткерлік және шығармашылық іс-әрекетте өзін-өзі табысты жүзеге асыруы үшін қажетті қабілеттерін, іскерліктерін және жеке қасиеттерін дамыту бойынша тренингтік жұмыстарды ұйымдастыруды;
4) тұтас педагогикалық үдерістің барлық субъектілерімен: әр түрлі жас санатындағы оқушылармен, олардың ата-аналарымен (оларды ауыстыратын тұлғалармен), педагогтармен байланыс орнатуға, өз ұстанымын дәлелдеуді;
5) педагогикалық қызметтің алуан түрлерін: ойын, оқу, пәндік, өнімді, мәдени-тынығу іс-шараларын ұйымдастыруды ;
6) білім беру ортасы субъектілерінің бірлескен қызметін және тұлғааралық өзара іс-қимылын ұйымдастыра алуды;
7) әлеуметтік-мәдени даму жағдайының ерекшеліктерін ескере отырып, көпмәдениетті ортада кәсіби қызметті жүргізуді;
8) кәсіптік қызметте бала құқықтары туралы негізгі халықаралық және отандық құжаттарды қолдануға, әлеуметтік орта мен білім беру кеңістігінің тәуекелдері мен қауіптерін ескеруге;
9) белгілі бір жұмыс кезеңінде кәсіптік қызметті жоспарлауды және оған талдауды жүзеге асыруды;
10) дербес компьютермен және басқа да техникалық құралдармен (браузерлермен, мультимедиялық проектормен және т. б.) жұмыс істей алуды.
5.Құжаттама
11. «Жас психолог мектебінің» тиімді жұмысын қамтамасыз ету үшін келесі құжаттар жасалады:
– «Жас психолог мектебі» туралы Ереже;
– ағымдағы оқу жылына «Жас психолог мектебінің» жұмыс жоспары;
– тақырып бойынша ақпараттық материалдар.
6.Ұйымдастыру және жауапкершілік
12. «Жас психолог мектебі» оқу жылы бойы жұмыс істейді, отырыстар апта сайын тұрақты жұмыс істейтін білім беру семинары ретінде өткізіледі.
13. «Жас психолог мектебін» қызметін «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің жауапты қызметкері басқарады.
14. «Жас психолог мектебінің» оқытушылық құрамына «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің барлық штаттық қызметкерлері кіреді.
15. «Жас психолог мектебі» жұмысын «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің әдіскерлері, психологтері тәжірибелі педагог- психологтермен, Үкіметтік емес ұймдар, Қоғамдық қорлардың кәсіби мамандарымен, сондай-ақ денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерімен, қорғаншылық және қамқоршылық ұйымдарымен, ата-аналар қауымдасть, педагог-психологтер бірлестіктерімен, психология кафедралармен және практикалық психологтар қауымдастықтарымен тығыз өзара іс-қимылда жүзеге асырады.
16. «Жас психолог мектебі» жұмыс жоспары ағымдағы жылғы елорданың психологиялық қызметтерінің жұмысын талдау негізінде жасалады, психологиялық қызмет бөлімінің әдістемелік кеңесінің бірінші отырысында қаралады және «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директоры бекітеді.
17. «Жас психолог мектебі» отырысын өткізуді ұйымдастыруды «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімінің жауапты қызметкері жүзеге асырады.
18. Отырысты дайындаудың мазмұны мен сапасы үшін «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің әдіскерлері, педагог- психологтері жауапты болады.
19. «Жас психологтың мектебін» бітіргеннен кейін тыңдаушылар оқу жоспарының негізгі тақырыптары бойынша қорытынды тестілеуден өтеді және оның негізінде толық курстан өткені туралы сертификат алады.
20. Осы Ережені психологиялық қызмет бөлімінің әдістемелік кеңесі қабылдайды және «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық қолдау орталығының директоры бекітеді.
21. Ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар психологиялық қызмет бөлімінің әдістемелік кеңесінің шешімімен қабылданады және «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының директорымен бекітіледі.