ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ ДИАЛОГ АЛАҢЫ «АТА-АНАЛАР КЛУБЫ» ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

 1.1. Осы Ереже Нұр – Сұлтан қаласы  әкімдігінің «Астана дарыны»  дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық  қызмет  бөлімінің базасында ұйымдастырылған «Ата-аналар клубы» жалпы қалалық диалог алаңының (бұдан әрі-Клуб) жұмыс тәртібін реттейді.

1.2. Клуб ата-аналардың (заңды өкілдері) психологиялық-педагогикалық  білімін арттыру, оларды тең құқықты және тең жауапты әріптестер ретінде білім беру ұйымдарының білім  оқыту -тәрбие  үрдісіне  тарту мақсатында ұйымдастырылды.

1.3. Клуб өз қызметін Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Заңына, БҰҰ«Бала құқықтары туралы Конвенция», Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы   және осы Ережеге сәйкес  жүзеге  асырады.

1.4. Клубтың қатысушылары оқушылардың ата-аналары (заңды өкілдері), мектеп психологтері, әлеуметтік педагогтар және Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының педагогтері, сондай-ақ шақырылған мамандар болып табылады.

1.5. Клуб жұмысының негізгі қағидалары еріктілік, құзыреттілік, жеке көзқарас, ашықтық, кері байланыстың тұрақтылығы, педагогикалық әдепті сақтау болып табылады.

1.6.  Клубтың жетекші миссиясы-ата-аналарды психологиялық-педагогикалық ағарту, балаларды тәрбиелеу және дамыту мәселелері, оларды өскелең ұрпақты тәрбиелеудің бірыңғай тәсілдері тұрғысынан мектеппен ынтымақтастыққа тарту.

1.7.   Клубтың міндеттері:

  • ата-аналардың психологиялық-педагогикалық білімін арттыру;
  • отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін анықтау;
  • білім беру қызметтері саласында топаралық және тұлғааралық жанжалды жағдайлардың алдын алу мақсатында ата-аналар қауымдастығын біріктіруге ықпал ету;
  • ата-аналар мен  білім беру ұйымдары арасында сенімді қарым-қатынас орнату;
  • салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың денсаулығын сақтау және нығайту және т. б. бойынша бірлескен іс-шараларды өткізу кезінде балалар мен ата-аналардың өзара  жағымды  қарым-қатынасын  орнату;
  • ата-аналар қоғамдастығы арасында әлеуметтік-психологиялық қызметтердің жұмысын танымал ету.

2. Клуб қызметінің бағыттары

2.1.  Жалпы педагогикалық қоғамдастыққа психологиялық-педагогикалық білім беру.

2.2.  Ата-аналарға психологиялық-педагогикалық көмек көрсету (кеңес беру).

2.3.  Отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін анықтау, насихаттау және тарату.

2.4. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу саласындағы психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.

2.5. Қоғамдық-отбасылық өзара іс-қимылдың жаңа нысандарын дамыту.

2.6. Отбасылық бос уақытты мәдени іс-шаралармен байыту.

3. Клуб қызметін ұйымдастыру

3.1. Клубтың жұмысы Нұр-Сұлтан қаласының білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасында  айына бір рет  (қажет болған жағдайда – жиі) аумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылады.

3.2. Клубқа балаларды тәрбиелеу мәселелерінде өзінің психологиялық-педагогикалық деңгейін көтергісі келетін ата-аналар (заңды өкілдер) қатысады .

3.3. Клубқа қатысушы ата – аналардың (заңды өкілдері) құрамы тұрақты емес және олардың кездесулерге қажеттілігі мен мүдделеріне байланысты өзгеруі мүмкін.

3.4. Клубтың жұмысын жоспарлауды ата-аналардың мүдделерін ескере отырып, «Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық қызмет  бөлімінің  мамандары жүргізеді. Клубтың жұмыс жоспарын «Астана дарыны» ДДжПСО директоры бекітеді.

3.5. Клуб жұмысын ұйымдастыру формалары: мастер-класстар, шығармашылық шеберханалар, әлеуметтік-психологиялық тренингтер, қызығушылықтар бойынша бірлестіктер, практикумдар және т.б.

3.6. Клуб жұмысының нәтижелері мен қызметінің тиімділігі  дәстүрлі тамыз педагогикалық конференциясында талқыланады.

4. Клуб құрылымы

4.1.Клубтың ұйымдастырушылық құрылымын «Астана дарыны»  ДДжПСО психологиялық қызмет бөлімінің штаттық қызметкерлері, ғылыми-зерттеу жұмысында тәжірибесі және ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыс дағдылары бар елордалық білім беру ұйымдарының  педагог-психологтері мен әлеуметтік педагогтері, сондай-ақ    мамандандырылған  ұйымдардың  мамандары құрайды.

4.2.Клубтың қызметіне жалпы ғылыми-әдістемелік басшылықты және үйлестіру жұмысын «Астана дарыны» ДДжПСО ғылыми кеңесшісі жүзеге асырады.

5. Қызметті әкімшілік қолдау

5.1. Клуб қызметі үшін материалдық-техникалық жағдай жасауды,  клубтың іс- шараларын өткізетін орын, қажетті кеңсе тауарларын, көшірме  және техникамен  қамтамасыз етуді «Астана дарыны» ДДжПСО  жүзеге асырады.

5.2. Клубтың іс-шараларын ұйымдастыруға «Астана дарыны» ДДжПСО  мамандары мен елордалық білім беру ұйымдарының әкімшіліктері қолдау көрсетеді.

5.3. Мамандармен кездесуге ата-аналардың сұранысын қамтамасыз ету білім беру мекемелерінің психологиялық қызметтерімен және ата-аналар комитеттерімен бірлесіп жүзеге асырылады.

 5.4.Жалпы ата-аналар клубының қатысушылары жасаған жұмыстарға сараптамалық баға беру мақсатында Клубтың қорытынды отырысына қатысады.

6. Клуб қатысушыларының құқықтары мен міндеттері

 6.1. Ата-аналардың (заңды өкілдері) құқығы:

 –  баланы тәрбиелеу мәселелері бойынша білікті кеңестік көмек алу;

 –  үйде балалармен сабақ ұйымдастыруда практикалық көмек алу;

 – өз пікірін білдіру және балаларды тәрбиелеу тәжірибесімен алмасу.

  6.2. Білім беру ұйымының құқығы:

 –  отбасылық тәрбиенің оң тәжірибесін зерделеуге және таратуға;

 – туындаған мәселелерге, ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделері мен сұраныстарына байланысты клубтың жұмыс жоспарына түзетулер енгізу. Ата-аналар этикалық мінез-құлық нормаларын сақтауға міндетті.

 6.3. «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық  сүйемелдеу орталығы психологиялық қызмет бөлімінің міндеті:

– ата-аналардың (заңды өкілдердің) мүдделері мен қажеттіліктерін ескере отырып,  «Астана дарыны» ДДжПСО  бекіткен жоспарға сәйкес клуб жұмысын ұйымдастыру және  өткізу;

 – ата-аналарға (заңды өкілдерге) білікті кеңестік және практикалық көмек көрсету;

–  клубтың жұмыс жоспары бойынша   өткізілген  іс- шаралар   туралы  ақпаратты  «Астана дарыны» ДДжПСО  сайтына  жариялап отыру.