ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

Бүгін, 2021 жылғы 18 қаңтарда «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығы мен «QOLDAU» білім беру ұйымдарының Қамқоршылық кеңесі» қоғамдық бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойылды.

«Астана дарыны» орталығының директоры Тұрсынов Ғаждембек Қуанышұлы және «QOLDAU» ҚБ басшысы Эйвазова Фарида Сағындыққызы алдағы жұмыс жоспарын талқылады, Қамқоршылық кеңес өкілдерін «Qabilet» кәсіби бағдар беру қызметінің жұмысымен таныстырды.