1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарынык республикалық конкурсының қалалық кезеңі

2021 жылғы 12-13 қаңтарда онлайн режимінде  1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарынык республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті.

Жобаларды қорғау 9 секция бойынша өтті:

1.Қазақ тілі мен әдебиеті

2.Орыс тілі мен әдебиеті

3.Математика,

информатика

4.Физика,техника

5.Медицина, психология

6.Тарих, өлкетану, этномәдениеттану

7.Химия, биология

8.Экология, валеология,

 9.Робототехника.

Байқауға Нұр-сұлтан қаласының 89 білім беру мекемесінен 504 жұмыспен 558 оқушы қатысты.

Байқау қорытындысы бойынша құрамына елордалық жоғары оқу орындарының ғалымдары енген қазылар алқасы 279 оқушының жобасын атап өтті:

І орын-18;

ІІ орын-94;

ІІІ орын-167;

Грамота-127.

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және қалалық кезеңнің жеңімпаздарына Республикалық кезеңде табысты көрсеткішке ие болуларына тілектеспіз.