«Жас психолог мектебі » онлайн оқыту-семинары

2021 жылдың 15 қаңтар күні «Астана дарыны» ДД және Психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі әдіскерінің ұйымдастыруымен   жас  психологтермен  кезекті  онлайн оқыту-семинары  өткізілді.

Семинар барысында білім беру ұйымдарының жас маман педагог-психологтеріне : «Ертегі терапиясын қолдану жолдары»  таныстырылды.    

Жас психологтар алған  теориялық білімдеріне  сүйене отырып, өз  іс-тәжірибесінде   қолдану дағдыларын  жетілдіруге  мүмкіндік алды.

Сабақ барысында туындаған сұрақтар талданды. Семинар соңында  «Бүгінгі сабақ жайында өз ойыңыз?» деген  сұраққа  рефлексия  жасау   арқылы  психологтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жас мамандар кәсіби  шеберліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Елорда білім  беру мектептері  және колледжінің 25  жас  педагог-психологтарының  қатысуымен  өткен семинар  өз мақсатына  жетті.