2021 жылдың 15 қаңтар күні «Астана дарыны» ДД және Психологиялық сүйемелдеу орталығының психологиялық қызмет бөлімі әдіскерінің ұйымдастыруымен жас психологтермен кезекті онлайн оқыту-семинары өткізілді.
Семинар барысында білім беру ұйымдарының жас маман педагог-психологтеріне : «Ертегі терапиясын қолдану жолдары» таныстырылды.
Жас психологтар алған теориялық білімдеріне сүйене отырып, өз іс-тәжірибесінде қолдану дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік алды.
Сабақ барысында туындаған сұрақтар талданды. Семинар соңында «Бүгінгі сабақ жайында өз ойыңыз?» деген сұраққа рефлексия жасау арқылы психологтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Жас мамандар кәсіби шеберліктерін арттыруға мүмкіндік алды. Елорда білім беру мектептері және колледжінің 25 жас педагог-психологтарының қатысуымен өткен семинар өз мақсатына жетті.