Ата-аналар клубы алаңында «Сіз өз балаңыздың білімі мен тәрбиесіне алаңдайсыз ба?» атты ата-аналарға арналған вебинар

«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері – Бодикова Ләззат Жамауовна «Ата-аналар клубы» диалог  алаңында  ата-аналарға балалардың әлеуметтік-эмоционалдық жетілуі мен тұлға болып қалыптасуына бағытталған психологиялық кеңестер  ұсынды.

2021 жылы 14 қаңтарда өткен вебинарға №40  мектеп-лицейінің  72  ата-анасы қатысты.

Баланың білімі мен тәрбиесіне,  рухани дамуына ата-ананың  жауапкершілігінің өзектілігін бірлесе отырып талқылады.  

№ 40  мектеп-лицейінің  педагог-психологы Дүйсебаева Жанар Кудабаевнаның ұйымдастыруымен  вебинар  соңында кері  байланыс орнатылып, ата-аналардың өз  тәжірибелерімен бөлісуіне  мүмкіндік жасалды.