«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері – Бодикова Ләззат Жамауовна «Ата-аналар клубы» диалог алаңында ата-аналарға балалардың әлеуметтік-эмоционалдық жетілуі мен тұлға болып қалыптасуына бағытталған психологиялық кеңестер ұсынды.
2021 жылы 14 қаңтарда өткен вебинарға №40 мектеп-лицейінің 72 ата-анасы қатысты.
Баланың білімі мен тәрбиесіне, рухани дамуына ата-ананың жауапкершілігінің өзектілігін бірлесе отырып талқылады.
№ 40 мектеп-лицейінің педагог-психологы Дүйсебаева Жанар Кудабаевнаның ұйымдастыруымен вебинар соңында кері байланыс орнатылып, ата-аналардың өз тәжірибелерімен бөлісуіне мүмкіндік жасалды.