Математика, физика, информатика пәндерінен халықаралық Жәутіков олимпиадасы

2021 жылғы 8-12 қаңтар аралығында Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті. Оған Нұр-Сұлтан қаласының 24 оқушысы қатысты, оның ішінде: 6 физик, 6 информатик және 12 қатысушы математика пәнінен.

Елордалық команда жақсы нәтиже көрсетіп, дарынды оқушыларымыз төмендегідей жүлделерге ие болды:

Дуйсембеков Данат (Spektrum мектебі) – алтын медаль;

Ашкен Абылай (Spektrum мектебі), Жеңіс Әліби (Nurorda лицей),

Абдрахимов Бексұлтан, Раушанов Марлен, Сам Фетуллах (БИЛ (ер балалар) – күміс медаль;

Құсдәулетов Эльдар, Нағашбек Мұхаммед (NurOrda лицейі),

Алпысбеков Әлихан, Дүйсембаев Қозықорпеш (БИЛ (ер балалар) – қола медаль.

Математиктер қоржынында барлығы 1 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль бар.

Физикадан Назарбай Нұрдәулет (Nurorda лицей), Нығмет Ерхан («Зерде» мектебі) – қола медаль.

Информатика пәнінен Қанатұлы Аманбол (NurOrda лицей) – қола медаль. Елорданың қоржыны тағы 13 медальмен: 1 алтын, 5 күміс және 7 қола медальмен толықты.

Олимпиаданың жеңімпаздарын дайындаған «Білім-инновация» лицейінің математика пәні мұғалімі Муаммер Гуль, NURORDA мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Уринбасаров Ахмад, физика пәні мұғалімі Арнур Қазыбеков және информатика пәні мұғалімі Ыбыраев Дарын, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің физика пәні мұғалімі Қайсенова Валя Иман-Маликқызына алғыс білдіріп, еңбектеріне жаңа табыс тілейміз!

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді құттықтаймыз және алдағы жеңіске жету белестеріне сәттілік тілейміз!