«Ертегі терапиясын қолдану жолдары » тақырыбы бойынша семинар

Өткізілу уақыты: 2021 жылғы 15 қаңтар, сағат 15:00.

Өткізілу орыны: Онлайн-форматта , ZOOM

Ауқымы: 20 педагог-психолог.             

Ұйымдастырушылар: «Астана Дарыны» ДД ж ПСО психологиялық бөлімі.

Модератор: «Астана дарыны» ДД ж ПСО психологиялық бөлімінің педагог-психологі Т. Сатымбекова.

 Ертегі терапиясы»  өте ертеден келе жатқан психодиагностикалық, психопрофилактикалық және психокоррекциялық әдіс болып табылады.

Семинардың басты мақсаты:

Оқу-тәрбие процесінде ертегі терапиясын дамытушы-түзетуші тренингтер кешенімен байланыстыра қолдану арқылы баланың тұлғалық үйлесімділігін дамыту

Міндеттері:

– ертегі терапиясын дамытушы-түзетуші тренингтер кешенімен таныстыру

– ертегі терапиясын қолдану жолдарын үйрету;

– оқытудың әдістемесін ойлап  шығаруда ертегі терапиясын қолдану;

– адамның рухани жан дүниесін үйлесімділікте тәрбиелеу

Вебинарда ертегіні қаншалықты жақсы көргенімен оны орынды қолдана білу туралы, адамның әлсіз және күшті жақтарын ашып, көруге мүмкіндік беретін  ертегіге негізделген ғажайып ойындар жайлы, мінез-құлқындағы кейбір жағымсыз жақтарының себептерін анықтау, ертегі арқылы эстетикалық тәрбие беріп, шығармашылық қабілеттерін арттыру, қол маторикасын және жеке тұлғаның көшбасшылық қабілетін дамыту жайында ақпарат беріледі