Өткізілген уақыты: 2021 жыл 14 қаңтар, 16.00.
«Астана дарыны» ДДжПСО психологиялық сүйемелдеу бөлімінің әдіскері – Бодикова Ләззат Жамауовна «Ата-аналар клубы» диалог алаңында балалардың әлеуметтік-эмоционалдық жетілуі мен тұлға болып қалыптастыру мақсатында ата-аналарға психологиялық кеңесін ұсынады.
Баланың білімі мен тәрбиесіне, рухани дамуына ата-ананың жауапгершілігіне ерекше мән берудің өзектілігін ата-аналармен бірлесе отырып талқылайды. Вебинар соңында кері байланыс орнатылып, ата-аналардың өз тәжірибелерімен бөлісуіне мүмкіндік жасалады.
Мақсатты топ: Нұр-Сұлтан қаласы № 40 орта мектебінің ата-аналары.