«Астана дарыны» ДДжПС орталығының 2021 жылғы қаңтар айында өткізген іс – шаралары туралы ақпарат

2021 жылдың қаңтар айында «Астана дарыны» ДДжПС орталығы барлығы 6 іс – шара (1халықаралық, 3 республикалық, 2 қалалық)  өткізді. Аталған іс – шараларға Нұр – Сұлтан қаласынан  барлығы 2535 оқушы қатысып, 566 бала жеңімпаз және жүлдегер атанды:

I орын – 54;

II орын – 153;

III орын – 359.

   2021 жылдың  8-12 қаңтар күндері аралығында математика, физика, информатика пәндерінен халықаралық Жәутіков олимпиадасы онлайн режимінде өтті. Олимпиадаға Нұр – Сұлтан қаласының  білім мекемелерінен 24 оқушы қатысып, төмендегі  нәтижелерге қол жеткізді:

Математика пәні бойынша –   1 алтын, 5 күміс, 4 қола медаль:

Алтын медаль – Дүйсембеков Данат – «Speсtrum» мектебі;

Күміс медаль – Ашкен Абылай – «Speсtrum» мектебі, Жеңіс Абылай –  «NURORDA» МЛ, Абдрахманов Бексұлтан – Дарынды ер балаларға арналған БИЛ, Раушанов Марлен – Дарынды ер балаларға арналған БИЛ, Сам Фетуллах –  Дарынды  ер балаларға арналған БИЛ;

Қола медаль – Кусдавлетов Эльдар – «NURORDA» МЛ, Нағашыбек Мухаммед – «NURORDA» МЛ, Алпысбеков Алихан – Дарынды ер балаларға арналған БИЛ, Дюсембаев Козыкөрпеш – Дарынды ер балаларға арналған БИЛ;

Физика пәні бойынша – 2 қола медаль:

Назарбай Нурдәулет – «NURORDA» МЛ, Ныгмет Ерхан – №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі;

Информатика пәні бойынша – 1 қола медаль:

Канатулы Аманбол – «NURORDA» МЛ.

Елордалық дарынды оқушылар білім бәйгесінің қоржынын барлығы 13, оның ішінде: 1 алтын, 5 күміс, 7 қола медальмен толықтырды.

   Олимпиада жеңімпаздарын дайындаған «Білім-инновация» лицейінің математика пәні мұғалімі Муаммер Гуль, «NURORDA» мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Уринбасаров Ахмад, физика пәні мұғалімі Арнур Қазыбеков және информатика пәні мұғалімі Ыбыраев Дарын, №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің физика пәні мұғалімі Қайсенова Валя Иман-Маликқызына алғыс білдіріп, еңбектеріне табыс тілейміз!

      Қаңтардың 23-24 күндері  9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық III «Абайтану» олимпиадасының республикалық кезеңіне Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беру мекемелерінен 11 оқушы қатысты. Олимпиада онлайн форматта өткізілді.

     Абай шығармаларының мән-ма­ңызы мен қадір-қасие­тін түсінуге бейімдеу,  тәрбиелік-тағылымдық маңызын ұғындыру, Абайша ойлауға, сөйлеуге, тіл тазалығын сақтауға дағ­дыландыру мақсатында өткізілген  олимпиаданың республикалық  кезеңі   қорытындысы бойынша, астаналық 11(54,5%)   қатысушының  6 – ы жүлделі орын, 5 – і  «Алғыс хат» алды.

Олимпиадаға қатысып, марапатқа ие болған оқушылар тізімі:

9 сынып:

Жұмабай Аружан – I орын, №87 мг,

Айдарова Альбина – «Алғыс хат», №87 мг,

Қыдырбай Бексұлтан – «Алғыс хат», 89 мл.

10 сынып:

Жиенбек Нұрислам – III орын, №65 мг,

Әбзелбек Елшат  – III орын, №87 мг,

Сулейменов Ерасыл – «Алғыс хат», №69 мг,

Оразова Қазына – «Алғыс хат», №86 мг.

11 сынып:

Жұмабек Аружан – II орын, №73 мл,

Шаймұрат Елдана – III орын, №61 ом,

Сексенбаева Гүлнұр – III орын, №87 мг,

Кумарова Сезім – «Алғыс хат», №57 ом.

     2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» республикалық конкурсының қалалық кезеңі  2021 жылдың 12 – 13 қаңтар күндері онлайн режимінде өтті.

    Балалардың зерттеушілік қабілеттерін дамыту, бастауыш және орта буын оқушыларының интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін ынталандыру мақсатын көздейтін байқауға Нұр-Сұлтан қаласының 89 білім беру беру мекемесінен  936 оқушы  869 жұмыс жобасын ұсынды.

    Бұл байқауға қала бойынша 5 мектеп:  №12, СШ №21, СШ №45, ШГ №46, ШЛ №62 қатыспады.

    Сараптама қортытындысы бойынша қалалық кезеңге 504 жұмыспен 558 оқушы өтті. Қазылар алқасы 9 секция бойынша жас зерттеушілердің еңбектерін атап өтті:

І орын –  18;

ІІ орын – 94;

ІІІ орын –  167;

Грамота –  127.

     Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылғы іс-шаралар  жоспарына сәйкес, қаңтар айының 26-28 күндері аралығында 2-7 сынып оқушыларының зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының «Зерде» ХVI республикалық конкурсын өткізді. Елімізде қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты конкурс қашықтықтан ZOOM платформасының көмегімен 9 секция бойынша онлайн режимде ұйымдастырылды:

1 секция –  қазақ тілі мен әдебиеті;

2 секция –  орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі;

3 секция – математика, информатика;

4 секция – физика, техника;

5 секция – медицина, психология;

6 секция – тарих, өлкетану, этномәдениеттану;

7 секция –  химия, биология;

8 секция –  экология, валеология;

9 секция – робототехника.

     Конкурс Ережеге сәйкес 3 кезең бойынша өткізілді: аудандық, облыстық – іріктеу, республикалық-қорытынды.

     Қалалық кезеңнің қорытындысы бойынша 14 білім беру мекемесінен (№2 МГ, №3 МГ, №4 МГ, №6 Г, №8 МЛ, мамандандырылған №9 «Зерде» мектебі, №56 МЛ, №64 МЛ, №66 МЛ, №74 МГ,  мамандандырылған №82 «Дарын» лицейі, №84 МЛ, №87 МГ,  ТОО «Alpamys school») 18 жоба (25 оқушы) 1 орынға ие болып, республикалық кезеңге жолдама алды.   Республикалық-қорытынды кезеңнің ең үздігі атану үшін Қазақстанның барлық облыстарынан 340 жобамен 398 оқушы бәсекеге түсіп, бақтарын сынады.

Республикалық конкурстың ашылу және жабылу салтанаты  онлайн режимде ZOOM платформасының көмегімен өтті.

    Оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарын Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті және «Астана» халықаралық университетінің ғалымдары, сонымен қатар «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығының, Щучье қаласы педагогикалық колледжі мен Нұр-Сұлтан қаласы медициналық колледжінің жоғары санатты аға оқытушылары тыңдап, бағалады.

    Конкурстың қорытындысы бойынша 18 жобамен  елордалық 19 оқушы жеңімпаз бен жүлдегер атанып, «Дарын» РҒПО-ның І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталды. Оның ішінде: І дәрежелі дипломға – 7 жұмыспен 12 оқушы, ІІ дәрежелі дипломға – 2 жұмыспен 3 оқушы, ІІІ дәрежелі дипломға – 3 жұмыспен 4 оқушы ие болды. Ерекше жетістіктері үшін грамотамен 2 оқушы марапатталды. Қорытынды кезеңнің барлық қатысушыларына  электронды сертификаттар берілді.

    2021 жылдың 22-25 қаңтар күндері жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және бағдарламалау бойынша қалалық Жасөспірімдер пәндік олимпиадасының онлайн форматтағы (математика, физика, химия, биология, география және информатика пәндері бойынша)   іріктеу  кезеңі өтті.

                    Нұр-Сұлтан қаласы жалпы білім беру мекемелерінен іріктеу кезеңге                   89 білім беру мекемелерінен барлығы 1343 оқушы қатысты: 82 мемлекеттік және 7 жеке меншік мектептен  (школа-лицей «Nurorda», физика-техникалық лицей «Ақбұлақ1-Астана», «Alpamys School», №1 «Столичная» мектебі, «Центральная» экономикалық школа, «Экономикалық» лицей, Math-Language SEED SCHOOL):

                 Математика – 262 оқушы;

                 Физика – 187 оқушы;

                  Химия – 210 оқушы;

                  Биология – 196 оқушы;

                  География – 179 оқушы;

                  Информатика – 309 оқушы.

                 Қатыспаған мектептер: №13, 23, 43, 45, 54, 77.

 Жалпы жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер және  бағдарламалау бойынша қалалық жасөспірімдер олимпиадасына барлығы                  1343  оқушының 248-і (18,5 %) келесі кезеңге өтті. Келесі  кезеңге  І – ІІІ орын алған оқушылар қатысады. Іріктеу кезеңінің жүлдегерлері дипломдармен марапатталады. 

                Іріктеу кезеңінің орындар саны – 249, оның ішінде:

                І орын – 21;

                ІІ орын – 50;

                ІІІ орын – 178;

                Грамота – 90

                   «Астана дарыны» дарындылықты дамыту және психологиялық сүйемелдеу орталығының «Педагогикалық шеберлік» бөлімі елордалық білім беру мекемелерінің  мұғалімдері үшін төмендегі іс – шараларды ұйымдастырды:

                1. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 5-8 қаңтар аралығында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған, «Бастауыш мектепте олимпиадалық  және логикалық есептерді шешу тәсілдері» тақырыбында республикалық оқу-әдістемелік семинарын және  «Алтын Тұғыр» олимпиадасын өткізді.

                     Олимпиада бірнеше дұрыс жауабы бар тест форматында нақты уақыт режимінде тікелей эфирде өтті. Әр дұрыс орындалған тапсырма үшін белгілі бір ұпай саны есептелді. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар олимпиада жеңімпаздары атанды. Олимпиадаға елордалық білім беру мекемелерінен 20 педагог қатысты. Оның ішінде 12 (60%) педагог жеңімпаз және жүлдегер атанды:

                І дәрежелі диплом – 1 (Сақып Жанатгүл МЛ № 76);

                ІІ дәрежелі диплом – 1 (Сомтемирова Лилия Коянбаевна МЛ № 66);

                ІІІ дәрежелі диплом – 12 (Жанибекова Айнур Намияловна ШГ №83,

                Туруспекова Айнур Бакытпековна МЛ №72, Сомтемирова Лилия Коянбаевна МЛ №66,  Сұлтан  Айгерим Маратқызы Г №67, Жанбыршиева Айнур Буркитбаевна МЛ №85, Қожабекова Арайлы Маратовна МЛ №72, Берденова Айнаш Кипшакбаевна МГ №78, Авилхан  Елмира МЛ №84, Тулеубаева Асия Балтабаевна ОМ №61, Тарасова Людмила Николаевна Экономикалық лицей;

                Номинация бойынша грамоталар – 4 (Авид Гульжанар МЛ №88,  Раш Шахеризада Мухтаровна МЛ №71, Ахметова Дарига Амерхановна МЛ №85, Салимова Айгуль Сембековна – Экономикалық  лицей).

                2. «Дарын» РҒПО 13.01.2021ж. №13/15-11-07 хаты негізінде мамандандырылған білім беру ұйымдарының 5,6,7 сыныптарына оқуға қабылдау туралы ҚР БҒМ 12.10.2018ж №564 бұйрығын басшылыққа ала отырып, төмендегі хабарлама дайындалды:  №9«Зерде» мамандандырылған мектебі – 50 (7 сынып), №81 «Astana English School» мамандандырылған гимназия 70,  Абай Құнанбайұлы атындағы №87мектеп-гимназия » -100,  №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі» – 40, «Дарынды қыз балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты» – 72, «Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернаты-60.

                3. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, елордалық педагогтердің шығармашылық және кәсіби өсуін ынталандыру, мектеп басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу, тарату мақсатында 2021 жылғы қаңтар айының 18-29 аралығында республикалық «Педагогикалық идеялар фестивалі» қалалық конкурсының сараптама кезеңі өткізілді.

                     Фестивальге директордың орынбасарлары, білім беру ұйымдарының барлық түрлері мен типтерінің педагогтері, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілері мен әдіскерлері, қосымша білім беру мекемелерінің педагогтер мен  психологтері, логопедтер бес бағыт бойыша қатысуда:

                1. «Білім беру жүйесіндегі менеджмент»;

                2. «Шеберлік палитрасы»;

                3. «Шығармашыл толқын»;

                4. «Сабақ аяқталған соң…» ;

                5. «Психолог сандықшасы».

                    Фестивальдің қалалық кезеңі ІІ кезеңнен тұрады:

                І кезең- сараптама ;

               ІІ кезең – онлайн форматта жұмысты қорғау.

               Фестивальге қатысуға бес бағыт бойынша 34 білім беру мекемесінен 83 үміткерден сұраныс түсті.

               Қорытынды кезең онлайн форматта ақпан айының 3-4 күндері өтеді.

  Қаңтар айында «Психологиялық қызмет» бөлімінің өткізген іс-шараларына 563 адам қатысты.

              •         Татуласу мектебі: тең – теңімен»  шеңберінде № 47 мектеп-гимназиясының (12 адам) және № 72 мектеп-лицейінің (11 адам) оқушыларымен ынтымақтастық туралы жасалған меморандум шеңберінде ZOOM интернет-платформасында сабақтар өткізілді (4, 11, 18, 26 қаңтар);

             • № 72 мектеп-лицейінің ZOOM интернет-платформасында 5-7 сынып (10 адам) және 8-10 сынып (10 адам) оқушыларына арналған «Жас зерттеуші Академиясы» аясында сабақ (27 қаңтар), Тесленко А.Н.;

             • «Ата-аналар клубы»  қоғамдық диалог алаңының № 60 мектеп-лицейінің (8.01.2021 – 59 адам), №2 мектеп-гимназиясының (18.01.2021 – 37 адам) ата-аналарына арналған: «Балаларды қатыгез қарым-қатынас пен зорлық-зомбылықтан қорғау: Әрбір ата-ана нені білуі тиіс?» тақырыбына отырысы, Тесленко А.Н.;

             • «Жас психолог мектебі» №47 мектеп-гимназиясы балалар қоғамдық бірлестігінің ZOOM платформасында (27.01.2021) «Болашақ психолог клубы» отырысында орталықтың педагог – психологі Тесленко А.Н. келесі тақырыптарға вебинарлар өткізді:

                – «Татуласу мектебі: тең-теңімен»  бағдарламасы бойынша жұмыс әдістемесі», (7.01.2021-15 адам);

                –    «Ғылыми мақаланы қалай жазуға болады?», (14.01.2021 – 13 адам).

                •       «Жасөспірімдерді әлеуметтендіру психологиясы»  5-11 сыныптарға арналған оқу вариативтік бағдарламасын жаңғырту бойынша авторлық топтың вебинарын өткізу (27.01.2021 ж.), Тесленко А. Н.

                •       Қазақ тіліндегі «Ата-аналар клубы»  вебинары: «Сіз балаңыздың білімі мен тәрбиесіне алаңдайсыз ба?» №40 мектеп-лицейінің ата-аналары үшін (15.01.2021 – 80 адам), Бодикова Л. Ж.;

               •                Жас психолог мектебі» шеңберінде «Ертегі терапиясын қолдану әдістері» семинары ( 15.01. 2021-25 адам), Сатымбекова Т. С.;

               •        Педагог-психологтер үшін  «Мектепте инклюзивті білім беру форматында педагог-психологтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру», 19-22.01.2021 және 26-27.01.2021 ж. (19-22.01.2021 – қазақ мектептеріне қазақ тілінде. – 140 адам және 26-27.01.2021 орыс тіліне – 130 адам). Курс туралы барлық ақпарат орталықтың сайтында орналастырылған, Исабекова А. К., Сейдімхан Б.

               •        2021 жылдың 28 қаңтарында «Жас психолог мектебі» аясында ZOOM платформасында №3 «Күншуақ»  балабақшасының педагог – психологі Сәуле Балабекова БҚҚ психологтері  үшін тәжірибе алмасу мақсатында «Біздің эмоцияларымыз» тақырыбында ересек топ балаларымен  Ашық сабақ түріндегі семинарын өткізді (қатысушылар саны-21).

            «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызметі бөлімі қаңтар айының жоспарына сәйкес  Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 12 пилоттық мектептерде жүргізілген жұмыс нәтижесіне талдау (анализ) жасады.

                         Апробация нәтижесінде бағдарлама 8-10 сыныптардың 960 оқушысын қамтыды. Әр әдіс бойынша кестелерде келтірілген деректерді анықтайтын критерий анықталып, апробация кезінде «Qabilet» жоспары бойынша топтық диагностикаға  төмендегідей диагностикалық әдістер  ұсынылды:

                – 8 сыныпқа арналған А.Е.Голомшток әдісі бойынша «Қызығушылықтар картасы»

                –  9 сыныпқа арналған «Кәсіптік дайындық сауалнамасы»

                – 10 сыныпқа арналған  « Мамандық таңдау матрицасы»

                  Параллельдер бойынша кәсіби қызметтің бағыттарының зерттеу нәтижелері

               Блок:  ПРОФИ-III.

               Тест:  А.Е.Голомшток әдісі бойынша «Қызығушылықтар картасы»

               8 – сынып оқушыларының топтық нәтижесі

Барлық 12 мектепте кәсіптік қызмет бағытын % -ке қатынасы бойынша бөлу. Барлық 12 мектепте кәсіптік қызмет бағытын % -ке қатынасы бойынша бөлу.

Кәсіби қызмет бағыты%
1Әдебиет және өнер14%
2кәсіпкерлік және шаруашылық18%
3Химия және биология9%
4Радиотехника және электротехника11%
5Физика және математика9%
6Спорт және әскери қызмет9%
7Тарих және саясат6%
8Механика және құрастыру10%
9География және геология5%
10Педагогика және медицина9%
 Барлығы100%

  Блок: ПРОФИ-II.

  Тест: «Кәсіптік дайындық сауалнамасы»

  9-сынып оқушыларының топтық нәтижесі

Барлық 12 мектепте кәсіптік қызмет бағытын % -ке қатынасы бойынша бөлу.

    Кәсіби қызметтің басым бағыттары%
1«Адам – белгі» и «Адам– табиғат»15%
2«Адам –көркем образ» и «адам – табиғат»10%
3«Адам – адам»10%
4«Адам – табиғат»5%
5«Адам – техника» және «Адам – адам»5%
6«адам – техника» және «Адам – көркем образ»15%
7«Адам – белгі» және «Адам – көркем образ»10%
8«Адам – белгі»10%
9«Адам – адам» және «Адам – көркем  образ»5%
10«Адам – техника»5%
11«Адам – техника» және «Адам – табиғат»5%
12Сфера анықталмаған5%
 Барлығы:100%

Блок:  Профиль кластарға іріктеуге арналған (Г.В.Резапкина әдістемесі)

Тест: «Мамандық таңдау матрицасы»

10 сынып оқушыларының топтық нәтижесі

Барлық 12 мектепте кәсіптік қызмет бағытын % -ке қатынасы бойынша бөлу.

  Мектептің нөмері
Профиль21416182021293031323783
1Физика-математикалық10%9%8%9%10%8%8%9%8%10%9%14%
2Жаратылыстану ( физика және химия)11%10%10%10%12%10%10%9%10%6%6%11%
3Жаратылыстану (биология және география)12%14%5%14%9%9%10%13%10%9%11%11%
4Әлеуметтік-экономикалық9%8%15%8%5%6%5%6%7%8%9%7%
5Гуманитарлық8%10%10%10%8%9%15% 9%10%9%8%9%
6Филологиялық4%5%9%5%10%10%10% 6%9%10%12%6%
7Ақпараттық-технологиялық16%15%10%15%14%15%9%16%15%15%13%11%
8Агро-технологиялық8%10%9%10%12%10%9%12%11%10%12%9%
9Индустриальді-технологиялық10%9%10%9%8%9%10%8%8%9%11%10%
10Көркемдік-эстетикалық12%10%14%10%12%14%14%12%11%14%9%12%

     «Qabilet» кәсіби бағдарлау қызмет бөліміне білім мекемелерінен,  ата –аналар мен оқушылардан, «Балаларды қолдау орталығы» басшылығынан келіп түскен ұсыныстар мен сұраныстарға байланысты кәсіби бағдар беру, кәсіби бағыттылық және зияткерлік мүмкіндіктері мен әлеуетін бағалау мақсатында  18 мекемеден  40 оқушы диагностикадан өтті және бөлімнің психолог-консультант мамандары оларға жеке-жеке кеңес берді. Оның ішінде:

7 – сынып – 6 оқушы;

8 – сынып – 1 оқушы;

9 – сынып – 6 оқушы;

10 – сынып –3 оқушы;

11 – сынып – 24 оқушы.