«КӨМЕКTIMES» – «мектеп – мектепке» тәлімгерлік технологиясы жобасының іске асырылуы

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың    2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  5.1.2 «Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім алушылардың арасындағы білім беру саласындағы алшақтықты қысқарту міндетін орындау мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми практикалық орталығының «КӨМЕКTIMES – «Мектеп – мектепке» тәлімгерлік технологиясы жобасы  Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған мектептері мен шеткері орналасқан мектептердің қатысуымен іске асуда.  

Менеджмент, педагогикалық қолдау, оқу-әдістемелік мазмұн және табысты тәжірибені тарату мәселелері бойынша:

– № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебі № 13 орта мектепті;

– № 81 «AES» гимназиясы 43 орта мектепті; 

– «№ 82 «Дарын» мамандырылған лицейі № 55 орта мектепті;

– Абай Құнанбаев атындағы  №87 мектеп-гимназиясы №44 орта мектепті;

– «Білім-Инновация» ер балалар лицей-интернаты № 23 орта мектепті;

– «Білім-Инновация» қыз балалар лицей-интернаты № 20 орта мектепті қамқорлығына алды.

Жобаның І кезеңінде мектептер әкімшілігі, әдістеме бірлестіктері жетекшілері және мектеп тренерлері кездесіп, өзараынтымақтастық келісім жасалып, бірлескен жоспар құрды. Қазіргі уақытта жобаның ІІ кезеңде жоспар бойынша іс-тәжірибелерімен бөліcіп, әдістемелік қолдау көрсету мақсатындағы семинарлар, вебинарлар, шебер сабақтар, конференциялар мен пәндік жарыстар өткізілуде.