Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2025 жылғы 15–29 қараша аралығында 2–7 сынып оқушылары арасындағы зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстардың «Зерде» республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті. ✨
Елордадағы №117 жалпы орта білім беру мектебі базасында өткен байқауда қатысушылар өз жобаларын екі негізгі бағыт бойынша қорғады:
?? Жаратылыстану-математикалық бағыт:
математика, қолданбалы математика, физика, космос, туризм және спорт, химия, биология, информатика, робототехника, STEM инженерия.
?? Қоғамдық-гуманитарлық бағыт:
қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі, тарих, өлкетану, этномәдениеттану, технология және өнер, медицина, психология, экология.
Биылғы жылы конкурсқа елорданың білім беру ұйымдарынан 1 600-ге жуық оқушы қатысып, өзекті тақырыптарды зерттеп, шығармашылық ізденістерін ұсынды. ???
https://www.instagram.com/reel/DRppHd1jB7x/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==