2021 жылғы 12-13 қаңтарда онлайн режимінде 1-7 сынып оқушылары арасында “Зерде” зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарынык республикалық конкурсының қалалық кезеңі өтті.
Жобаларды қорғау 9 секция бойынша өтті:
1.Қазақ тілі мен әдебиеті
2.Орыс тілі мен әдебиеті
3.Математика,
информатика
4.Физика,техника
5.Медицина, психология
6.Тарих, өлкетану, этномәдениеттану
7.Химия, биология
8.Экология, валеология,
9.Робототехника.
Байқауға Нұр-сұлтан қаласының 89 білім беру мекемесінен 504 жұмыспен 558 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша құрамына елордалық жоғары оқу орындарының ғалымдары енген қазылар алқасы 279 оқушының жобасын атап өтті:
І орын-18;
ІІ орын-94;
ІІІ орын-167;
Грамота-127.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз және қалалық кезеңнің жеңімпаздарына Республикалық кезеңде табысты көрсеткішке ие болуларына тілектеспіз.