📅 2025 жылы 15-16 наурызда «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы мен «AZ GROUP LLC» білім беру компаниясының ұйымдастыруымен Астана қаласында робототехникадан «Fibonacci International Robot Olympiad» халықаралық олимпиадасының «Fibonacci Robot Olympiad Kazakhstan» республикалық кезеңі өтеді.
🏫 Назарбаев университетінің базасында өтетін олимпиадаға Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен республикамыздың барлық өңірлерінен 650 команда қатысады. Командалар https://az-group.kz/ сайты арқылы алдын ала тіркеуден өткен.
🎯 Олимпиаданың мақсаттары:
Оқушылардың зияткерлік әлеуетін дамытуды ынталандыру,
Робототехника мен ғылыми-техникалық шығармашылықты дәріптеу,
Жастар арасында инженерлік кәсіптердің беделін арттыру.
📋 Олимпиада келесі категориялар бойынша өткізіледі:
Инновациялық жобалар
Lego Line Following
MakeBlock Line Following
Arduino Line Following
Lego Sumo 1 кг
Lego Sumo 3 кг
Mini Sumo
Автономды көлік жарысы
Лабиринт шешу
Қыздар триатлоны
Rally Drone жарысы
FootBot Lego лигасы
Junior Start Up (мектепке дейінгі ұйымдар үшін).
📅 Өтетін күні: 2025 жылы 15-16 наурыз
⏰ Өтетін уақыты: сағат 08:30–19:30
📍 Өтетін орны: Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 53, Nazarbayev University
🚀 Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🤖📅