1 ақпан күні №99 орта мектеп базасында 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» математикалық олимпиадасының қалалық кезеңіне іріктеу өтті. Олимпиадаға барлығы 602 оқушыдан құралған 202 команда қатысты. Олимпиада мемлекеттік және орыс тілдерінде білім алатын сыныптар үшін екі топта ұйымдастырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша мемлекеттік тілде оқытылатын 114 команданың 54-і қалалық кезеңге өтсе, орыс тілінде оқытылатын 88 команданың 44-і келесі қалалық кезеңге өтті.
🔹 Жалпы нәтиже: 202 команданың 98-і келесі кезеңге өтті.
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз! Келесі кезеңге өткен командаларға сәттілік тілейміз! 🚀📚