🌿 Республикалық «ProEco» конкурсының қалалық кезеңі өтеді

🏫 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы 2025 жылы 15 наурызда №38 мектеп-лицейінің базасында 5-8 сынып оқушыларының арасында республикалық «ProEco» конкурсының қалалық кезеңі өтетінін хабарлайды.

🌍 Экологиялық проблемаларға қызығушылық танытатын, зерттеу қабілеті жоғары дарынды балаларды қолдау мақсатында ұйымдастырылатын конкурсқа Астана қаласының білім беру мекемелерінен алдын ала өтінім берген оқушылар қатысады. Әр мектептен 2 жоба.

📋 Конкурс 4 бағыт бойынша өтеді:

«Туған өлке табиғаты»

«Мені қоршаған әлем – ғажайып әлем»

«Үздік экологиялық бастама»

«Таза қала сізден басталады»

⏰ Жобаны қорғау регламенті: 5–7 минут.
📅 Тіркелу: сағат 8.15–9.00 аралығында.
⏳ Басталуы: сағат 9.00.
📍 Өтетін орны: №38 мектеп-лицейі.
🏠 Мекенжайы: Астана қаласы, Ғ.Мүсірепов көшесі 8/2.

🌱 Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! 🍀