? Амир Пшенбаев — IPhO–2025 халықаралық физика олимпиадасының қола жүлдегері!

Spectrum International School-дың 12-сынып оқушысы, дарынды жас физик Амир Пшенбаевты үлкен жеңісімен құттықтаймыз! ?⚛️
2025 жылғы 17–25 шілде аралығында Францияның Палезо қаласында өткен Халықаралық физика олимпиадасында (IPhO-2025) Амир ? қола медаль жеңіп алды!

Амир — еліміздің физика саласындағы ең үздік жас таланттарының бірі. Оның білім жолындағы жетістіктері — Қазақстан оқушыларының жоғары дайындық деңгейін көрсетеді:

? Күміс медаль — ISPHO 2024 (Ханты-Мансийск)

? Күміс медаль — Азия физика олимпиадасы APhO 2025 (Сауд Арабиясы, Дахран)

? Алтын медаль — Жәутіков атындағы халықаралық олимпиада (Астана, 2025)

? Амир — табандылық пен академиялық шеберліктің жарқын үлгісі. Оның жетістігі — еліміздегі білімге құштар жастарға үлкен шабыт! ??