? Астаналық оқушылар Жас зерттеушілер форумына қатысады

? 2025 жылы 16 мамырда Алматы қаласында ?? Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы елімізде алғаш рет ? Жас зерттеушілер форумын өткізеді.

? Ғылымға, зерттеу мен инновациялық қызметке қызығушылық танытқан мектеп оқушыларын біріктіретін іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында ғылыми ойлауды дамыту, шығармашылық бастамаларды қолдау және ғылыми білімді кеңінен насихаттау.

? Форумға ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бектайұлы Бейсембаев, ҚР Президентінің жанындағы ҰҒА академиктері, білім басқармаларының басшылары, жетекші жас ғалымдар, сондай-ақ еліміздің әр өңірінен ? 400-ден астам республикалық және халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған дарынды мектеп оқушылары және олардың ғылыми жетекшілері қатысады.

? Астана қаласындағы:

№107 орта мектептің 8-сынып оқушысы Нағашбай Аружан

№64 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Жұмаш Азат

«SKILLSET SCHOOLS» мектебінің 10-сынып оқушылары Бектурганов Марсель, Сапарбай Қадыр, 9-сынып оқушысы Канатова Данеля

№38 мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы Аманова Дияна
форум жұмысына қатысып, ғылыми-зерттеу жобалары мен әзірлемелерін таныстырады.

? Форум жұмысы аясында:
? мектеп оқушыларының ғылыми және инновациялық жобаларының көрмесі
? ? «Зияткер» атты интеллектуалдық командалық сайыс
? ?‍? отандық және шетелдік жас ғалымдар мен академиктердің баяндамалары мен мастер-кластары өткізіледі.

?️ Қатысушылар үшін академик Қ.И. Сәтбаевтың, археология және Қазақстан ғылымы тарихы музейлеріне ? экскурсия ұйымдастырылады.

? Сонымен қатар STEM білімін дамыту, халықаралық тәжірибені орта білім жүйесіне енгізу және Қазақстандағы мектеп ғылымының болашағы сияқты өзекті мәселелер кеңінен талқыланатын болады.