🏢 «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен 2025 жылдың 16-18 сәуір күндері аралығында 7-8 сыныптар арасында химия және биология пәндері бойынша «KERUEN SCIENCE» республикалық олимпиадасын өткізеді (бұдан әрі – Олимпиада).
🎯 Олимпиаданың мақсаты – химия, биология пәндерін тереңдетіп оқуға оқушылардың қызығушылықтарын арттыру, олимпиадаларға дайындық жүйесін жоғары деңгейде жетілдіру және олимпиадалық резервті қалыптастыру.
🔬 Бұл олимпиада жас зерттеушілерге ғылымның қызықты әлеміне енуіне тамаша мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда мектеп оқушылары арасында химия-биологиялық бағыт күннен күнге танымал болып келе жатыр, ал жас зияткерлерді қолдау – еліміздің ғылым, білім және кәсіби дамуындағы өзекті мәселелерді шешудегі маңызды қадам.
🧪 Олимпиада 2 турдан тұрады:
1️⃣ І тур – теориялық
2️⃣ ІІ тур – практикалық
👨🎓 Олимпиадаға 13 облыс пен 3 республикалық маңызы бар қаладан 134 оқушы қатысады:
🔹 биологиядан – 66
🔹 химиядан – 68
(2024 ж. – 98 қатысушы, биологиядан – 50; химиядан – 48)
Бұл оқушылар – облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинағандар.
🏫 Практикалық тур өтетін орындар:
🔬 химия пәнінен – Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
🧬 биология пәнінен – №9 Зерде мамандандырылған лицей
🏆 Марапаттау рәсімі
🗓 18 сәуір
🕙 Сағат 10.00-де
📍 М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында (Әзербайжан Мәмбетов, 1)
🎖 Жеңімпаздар мен жүлдегерлер «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының I, II және III дәрежелі дипломдарымен және грамоталарымен марапатталады.
📜 Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар табысталады.
ℹ️ Қосымша ақпаратты «Астана Дарыны» орталығынан алуға болады:
📍 Қабанбай батыр даңғылы, 33